«Жұмабектің бажасымын. Соған хабарлас». Полиция майоры қызметінен босатылды (видео)
Қазақстанда аты шулы Түркістан облысының майоры Жұмабек Төлеген қызметтен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қарсы бағытпен келе жатқан жүргізушімен видео тараған болатын. Бұл ретте полицей құқық бұзушыны тоқтатты. Көлік жүргізушісі болса «Жұмабектің бажасы» екенін айтып, кетіп қалды. Кейін оқиға 8 наурызға қараған түні Отырар ауданында болғанын, ал Жұмабек жергілікті полиция қызметкері екені белгілі болды.
Айта кетейік, желіде бұған дейін полиция қызметкері Жұмабек Төлеген таныстырылған сюжет жарияланған болатын. Ол Отырар ауданы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы екені белгілі болды.
Осыдан кейін Түркістан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған полицейге қатысты қызметтік тексеруді бастады. Содан кейін Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы майор Жұмабек Төлегенді тәртіптік комиссияның шешімімен қызметінен босатты.