Ұлыбритания Ресейдің агрессиясына байланысты ядролық арсеналын көбейтеді

0

Ұлыбритания билігі осы елде қызмет ететін ядролық оқтұмсықтар санын едәуір арттырғысы келеді. The Guardian атап өткендей, осындай ұсыныс Ұлыбританияның қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясатының кешенді шолуларында қамтылған, оны 16 наурызда жария етті.

The Guardian хабарлауынша, 100 беттік құжатта, атап айтқанда, британдық сүңгуір қайықтарындағы Trident II зымырандарында қолданылатын оқтұмсықтар санының 40 пайызға артуы — 180-ден 260-қа дейін сөз болды. Жалпы осы мақсаттарға шамамен он миллиард фунт стерлинг бөлу жоспарланып отыр.

Мұндай шаралар Ұлыбританияға «корольдіктің ядролық держава және қорғаныс саласындағы АҚШ-тың сенімді одақтасы мәртебесін нығайтуға» мүмкіндік береді деп болжануда. Сонымен қатар, Лондон өзінің ядролық арсеналын құру Ресей мен Қытай жағынан қауіп-қатерлерге тиімді түрде қарсы тұруға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Қазіргі уақытта Ұлыбритания ядролық оқтұмсықтар саны бойынша бірқатар елдерден едәуір артта қалып отыр: Ресей (4,3 мыңға жуық), АҚШ (3,8 мыңға жуық) және Қытай (320-ға жуық), деп еске алады The Guardian. Осылайша, газет атап өткендей, Ұлыбритания 30 жыл ішінде алғаш рет тұрақты қарусызданудан өзінің әскери әлеуетін арттыруға көшеді.

P.S. Бұл әлемдегі ядролық қарулану жарысына түрткі болатынын атап өткен жөн. Жақында оған Франция, Үндістан және Пәкістан қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, Иран, Түркия, Израиль сияқты елдер де жасырын түрде өздерінің ядролық қаруларымен айналысатын болады.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті