Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері карантинде сауық құрған
Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлерінің басы дауға қалды. Осы демалыста караоке барда сауық салғандарды жергілікті блогер соңынан аңдып жасырын түсірілім жасаған. Тіпті видео авторы қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі әйелін ұрып, мас күйінде көлік тізгіндегенін түсірген, дейді КТК телеарнасы.
Атышулы роликте Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да бар. Енді тәртіптік кеңестік ұсынысымен әкім орынбасарына сөгіс жарияланып, ал қалалалық құрылыс бөлімінің басшысын жұмыстан босатылмақ.
Келіншектің шашын тартып, бүйірінен ұрған бұл адамды әкімдік қызметкерінен бұрын, жігіт деуге аузың бармайды. Видео авторының айтқаны рас болса, өз әйелін төмпештеп жатыр. Блогер ащы судан ұрттаған қалалық Құрылыс бөлімі жетекшісінің одан әрі көлікті тізгіндеп жолға шыққанын түсіреді. Орта жолда, полицейлер тоқтатып, сараптамаға алып кетеді. Алайда, әкімдік өкілінің рөлде өзі отырғанын мойындағысы жоқ.
Сол түні блогер Қайрат Әбдірахманның камера нысанына Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да іліккен. Бір қызығы карантинде рейд жүргізіп жүрген шенеуніктің өзі, түн ортасында караоке-клубты жағалап жүр. Бірақ тексеру үшін емес.
— Сол күні бізге инстаграмға жазды осындай бізде караоке-клубта мынша әкімдік қызметкерлері отыр деп, демалып жүр деп жазды. Негізі бізде тек қана қалада емес, Алматы облысында талай оқырмандарымыз бар.