«Міндетті емеспін»: Сейфуллин Жолбарыс желіге тараған видеосы үшін халықтан кешірім сұрамайтынын айтты

0
489

Біраз уақыт бұрын әнші Сейфуллин Жолбарыстың дүкендегі сатушымен ұрысқан сәті желіге тарап кетті. Сатушыны балағаттаған әнші бұл әрекеті үшін үшін халықтан кешірім сұрауға міндетті емес екенін айтты. Әнші араға уақыт салып оқиғаның қалай аяқталғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Бұл туралы НТК Show бағдарламасында айтылды.

Сейфуллин Жолбарыс біра уақыт бұрын келеңсіз жайтқа тап болды. Әнші дүкенде сатушы жігітпен ерегесіп, балағат сөз айтты. Бұл сәтті әлдекім видеоға түсіріп алған. Кейін желіде жария болды. Жолбарыс мырза өзін танымаған сатушы жігітке ашуланып, өзінің кім екенін дәлелдемек болды.

Іс соңы сотқа дейін жеткенімен, жабылып қалған екен. Әнші азғантай айыппұл төлеп құтылған. Бұл әркімнің басында болатын жайт деді өзі.

«Бұған жай ғана келеңсіздік, түсініспеушілік деп қана қарау керек. Кім ұрыспай жатыр? Кім дүкенде сатушымен ұрыспайды? Бұл жай ғана қолдан жасалған нәрсе. Әдейілеп түсірген. Сатушының түсіріп тұрғаны емес. Ол да білмейді видеоның қалай желіге тарағанын. Бастысы оның маған, менің оған ренішім жоқ.

Сондықтан іс тоқтатылды. Бұл менің жеке өмірімде болып жатқан оқиға. Мен сахнада біреуді балағаттап, артынан қуып жүрген жоқпын. Бұл сахнадан тыс болып жатыр. Сондықтан ол үшін халықтан кешірім сұрамаймын. Сұрауға міндетті емеспін», — деді Жолбарыс.

Әншінің айтуынша, керісінше осы келеңсіздік оған сәттілік сыйлаған екен. Видео режиссердің көзіне түсіп, кинода рөл сомдағанын айтады.

«Мен осы видео үшін алғыс айтар едім. Мені видеодан көрген режиссер киноға шақырды. Әжептеуір бір рөлді ойнадым. Осы видеодағыдай кейіпкерді сомдадым. Бұл келеңсіздіктің өз жақсылығы болды. Сондықтан видеоға түсірушіге рахмет айтамын», — деді Сейфуллин мырза. 

Әншінің көмекшісі дүкендегі оқиғаның ертеректе түсірілген видео екенін айтып ақталған еді.

Алайда әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды.

«Қазақ атақты көтере алмай қалады», «Бұрын бұндай видео көрмедім, соңғы кезде түсірілген видеоға ұқсайды», «Кімнің кінәсі бар екенін ешкім білмейді, бірақ аузына келгенін айту дұрыс емес өнер өкілі бола тұра», «Мас секілді ғой, өзі не деп ақталар екен», — деп жатты олар.