Октябрь ауданына Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан аты берілді
Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық тыңдау аяқталып, шешім қабылданды. Енді Октябрь ауданы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан атымен аталады деп хабарлайды KzNews.
«Қоғамдық тыңдау қаланың 15 нысанында өтті. Барлығы 685 адам қатысты. Талқылау барысында қатысушылардың барлығы ескі атаудан арылып, Алаш көсемінің есімін беру ұсынысын қолдады. Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы туған жерінде осындай іспен басталды!» деп жазды журналист Қамбар Ахмет.