«Көшербаевтың күйеубаласы үшін түрмеге отырғым келмейді»

0
1251

Nege.kz порталында «Орсәриевтің крышасы Көшербаев па?» деп аталатын мақала жарияланған. Онда Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы хатшысы Арын Орсәриевтің көмекшісі Нұрлан Күдеровтің басындағы жағдай сөз болған.

«Орсәриевтің іс-әрекеті үшін мені жазаламақ. Қашаннан бері басшылар үшін көмекшілер жаза арқалайтын болған? Арын Орсәриев – Қырымбек Көшербаевтың күйеубаласы, ол жазадан құтылып кетуі мүмкін», – дейді Н.Күдеров.

Н.Күдеров Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа жолдаған арызын біздің редакцияға да жіберіпті. 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету