Сәнқой болуды қалаған 14 жастағы егіздер жансақтау бөліміне түсіп қалды — новости Казахстана
14 жастағы Даша мен Маша кішкентай кездерінен сәнқой болуды армандаған. Уақыт өте олардың алға қойған мақсаттары орындалып, сән агенттігіне қабылданыпты. Алайда онда қыздарға жақ сүйектері көрінгенше арықтау қажет деген талап қойылған екен. Бұл туралы fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Өздеріне бес келі салмақ тастау керек деген жоспар қойған жасөспірімдердің бірі ақырында 35 келі, ал екіншісі 40 келі болып қалған екен.
Осылайша сән дефилесінде жүріп өткен қыздар артынша ауруханадан бір-ақ шығыпты.
Даша тіпті комаға түсіп, үш күн бойы ес-түссіз жатып қалған көрінеді.
Алғашында қыздар туған өңірлері Липецк қаласында емделген.
Артынша жасөспірімдер тәжірибесі әлдеқайда жоғары астаналық дәрігерлерден ем қабылдау үшін Мәскеуге ауыстырылыпты.
Егіздердің ауруына анорексиядан хабары бар эстрада жұлдыздары да назар аударған.
Қазір апалы-сіңілі қыздар Мәскеудегі клиникалардың бірінде емделіп жатыр.