Ақтауда автокөліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалды — Тосын жай

0

Ақтауда автокөлік өртеніп, кейін жарылып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Бейнероликтен жанып жатқан автокөлікті көруге болады және оның жанында өртсөндірушілер жүр, кейін ол жарылып кетті.

Автокөлік Ақтау орталығындағы музыка-драмалық театрының маңында отқа оранған.