Батыс Қазақстанда тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылды

0

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйден екі зейнеткердің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға 25 ақпан күні Бәйтерек ауданы Трекин ауылында болған. Сағат 18.00-де өз үйінен 1956 жылғы екі зейнеткердің мүрдесі табылды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, олар табиғи газдан уланып, қайтыс болған.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, әйелі диванда отырған жерінде жан тапсырса, күйеуі сыртқы есікке жете алмаған. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Батыс Қазақстан облысында жеті елдімекеннің жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.