Қазақстанда ай сайын 522 610 теңге зейнетақы алатын адамдар бар

0

БЖЗҚ-дан жасына байланысты ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 167 423 алушыға төлемдерді жүзеге асырды.

Жалпы 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 73,8 млрд теңгеге аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

— біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд теңге
— сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 9,1 млрд теңге;
— зейнетақы жасына жету бойынша төлемдер — 6,5 млрд теңге;
— мұрагерлік бойынша төлемдер — 5,9 млрд теңге;
— тұрғылықты мекен жайына қатысты — 2,1 млрд теңге;
— жерлеуге төленетін төлемдер — 0,4 млрд теңге;
— мүгедектік бойынша төлемдер — 0,2 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 25 886 теңгені құрады, ал ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы – 522 610 теңге, — деп хабарлады БЖЗҚ.