«Сақина таққан»: Ерке Есмаханның «жасырын түрде» тұрмысқа шығып алғаны рас па

0

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан тағы да ел аузында. Бұл жолы эстрада жұлдызының жанкүйерлері оның жасырын түрде тұрмысқа шығып алғанын болжады. Көпшілік өнер иесінің қолында сақина пайда болғанын байқаған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Ерке Есмахан соңғы кездері өз оқырмандарына барынша ашылып, өмірінің бақытты сәтін кешіп жатқанын ашық айтты. Өнер иесі жеке өмірін де жасырмай, сүйіктісіне ессіз ғашық екенін де мойындады. Әншінің Instagram желісіндегі соңғы жазбаларының барлығы дерлік махаббат тақырыбына арналған.

Желі қолданушыларының айтуынша, Ерке Есмахан «Ninety One» тобының бұрынғы мүшесімен кездесе бастағалы өзгеріп кеткен. Эстрада жұлдызының киіну стилінде айтарлықтай өзгеріс байқалады. Бүгінде ол өзінің ғашығы секілді киіне бастаған.

«Стилі өзгеріп кеткен» , «Бұрынғы неше түрлі образдағы Ерке қайда кеткен?», «Еркенің стилі бүгінгі күні бір адамдікіне қатты ұқсап бара жатыр» , » A.Z cтилі», «Өзінен кішілермен кездесе бастағалы стилі де өзгеріске ұшырапты» , «Дуэт күтеміз», — деп жазуда көпшілік. 

Сонымен қатар, әншінің кейбір жанкүйерлері оның соңғы фотосынан саусағындағы сақинасын байқап қалған. Бұл жайт бірден елдің қызу талқысына түсті. Желідегілер өнер иесінің жасырын түрде, ешкімге айтпай тұрмысқа шығып алғанын болжауда.

«Сақинаң құтты болсын. Демек, жасырын түрде тұрмысқы шығып алғансың ғой», Сақинаны енді байқадым» , «Сақинасын тағып тастаған ба? Қалай тез», — деп таңғалуда көпшілік.

Алайда, Ерке Есмаханның өзі әзірге бұл ақпаратты не растаған да, не жоққа шығарған да жоқ.