276 елдімекенді су басу қаупі бар – ТЖМ

0

Елімізде 276 елдімекенді су басу қаупі төніп тұр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бүгін Үкімет отырысында өңір басшыларына осыны ескертті. Алда-жалда су тасқыны бола қалса, 270 мың адамның тағдырына қатер төніп тұр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, елде алты мыңға жуық су шаруашылығы құрылысы болса, соның бес жүзге жуығының гидротехникалық құрылысын жөндеу қажет. Әйтеуір ең ірі деген су қоймалары 70-75 шамасында толып тұр. «Бұл аса қауіпті жағдай емес», —  дейді министр. Табиғи апаттың алдын алу үшін жанармай, инертті материалдар және құм салынған қаптар қоры жасақталған. Төтенше жағдай туа қалса, ол үшін 38 миллиард теңге бөлек дайындап қойыпты.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

— Саны 38 мың адамнан асатын азаматтық қорғау құрылымдары, шамамен 13 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және екі жарым мыңнан астам су сору құралдары тақтап қойылды. Елдімекендерден қар шығарылып жатыр. Бүгінге дейін 13 миллион текше метрден астам қар шығарылды.