Австралия тұрғыны екі ай ішінде қазақ тілін үйренді
«Вечерний Алматы» сайтында «Житель Австралии выучил казахский язык за два месяца» немесе қазақ тіліне аударылғанда – «Австралия тұрғыны екі ай ішінде қазақ тілін үйренді» деген қызықты мақала жарияланды. Мен қазақ тіліне аударуға тырыстым және бұл материал барлық қазақстандықтар үшін қызықты әрі тағылымды болады деп ойлаймын.
Австралиялық азамат Қазақстанға келуді армандайды. Видеода австралиялық қазақ тілін оқып үйренудегі жетістіктері туралы айтты, деп хабарлады Vecher.kz. Бұл видеоны саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook парақшасында жариялады.
«Бұл Австралиядан келген жігіт, Иуан Смит. Менің ұлым оған екі ай ішінде интернет арқылы қазақ тілін үйретті және осы уақыт аралығында ол әдеттегі деңгейге көтерілді. Жарайсың!» — деп жазды саясаттанушы.
Австралиялық азамат қазақ тілін неге бастағанын түсіндірді: «Сәлеметсіз бе! Менің атым Иуан. Мен Австралиядан, қазір Сеулде тұрамын. Мен қазақ тілін үйренуді екі себепке байланысты бастадым.
Біріншіден, мен шет тілдерін үйренуді жақсы көремін. Екіншіден, мен бір күні Қазақстанға келгім келеді. Қазақ тілін үйрену қиын, өйткені оның құрылымы менің ана тілімнен мүлдем өзгеше және менде оны үйренуге көп ресурстар жоқ. Мен қазақ тілін оқығанды өте жақсы көремін, өйткені бұл өте қызықты».
Иуан жаңадан бастаушыларға қазақ тілін үйренуге кеңес берді: «Менің ойымша, шет тілін үйрену көп уақыт пен күш жұмсайды. Егер адам шет тілінде сөйлей алмаса, бұл проблема емес. Бірақ менің ойымша, адам басқа елде тұрса, сол елдің тілін үйренуге тырысуы керек. Жақында қазақ тілін үйренуді бастағандарға айтар кеңесім: сізді қызықтыратын тақырыпты тауып, содан бастаңыз».
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты