Айгүл Орынбек: 99% интернет қайда, Мамин мырза?
Заңгер Айгүл Орынбек елдің 99% интернетпен қамтылмағанына дәлел келтіріп, премьер-министрдің өтірігін әшкереледі.
«Интернет қайда Мамин?
Қызылордадан қайтып келе жатып, жолда кез келген ауылдың ішіне кіріп көргім келді.
Премьер министр тарапынан 99% интернет қамтылған деген ақпарат берілген соң, бүкіл ауыл аймақта интернет ұстап тұр деп ойлайтын шығар Президентіміз!
Бірақ бұл ақпарат өтірік, мысалы мына Екпінді ауылдық округте тіпті “Е” деген белгі шықпайды. Яғни бүкіл байланыс операторлары ұстамай тұр!
Әдейі мектеп жанына келіп прямой эфирге шыққым келді, өкінішке орай мүмкіндік болмады.
Ауыл аймақты 100% интернетпен қамтып қойдық деген бла бла әңгімелеріңді мына ауыл тұрғындарына келіп айтсаңдар, күлетін шығар. Балалар қалайша онлайн оқыды екен?» — деп жазды ол желідегі парақшасында.