Алматыда ағашқа ілінген әйелдің денесі табылды

0

Алматы қаласында әйел өлі күйінде табылды. Оның денесі ағашқа ілініп тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнында түсірілді деген сурет әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Полиция департаменті аталған фактіні растады.

«2021 жылдың 23 ақпанында Медеу ауданының таулы жерінен 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды», — делінген хабарламада.

Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.