Сапарбаев 5 баласы қайтыс болған отбасыға барды

0

Бердібек Сапарбаев 5 баласы қайтыс болған отбасыға барды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KzNews.

«Бүгін Талас ауданының Үшарал ауылында болдым. Жаңатастағы өрт салдарынан көз жұмған балалардың ата-анасы қазір осындағы қара шаңырағында.

Әбдімәліковтар отбасының қайғысына ортақтасып, Мемлекет басшысының атынан көңіл айттым. Президент тапсырмасына сәйкес, қара жамылған жанұяға жан-жақты көмек көрсетілуде» деді әкім.