Мәулен Әшімбаев: «Осы жазбаға кешегі сөйлеген сөзімнің видеосын қосып отырмын»
«Ашаршылықты саясиландырмайық» деген сөзімен бір күнде сынның астында қалып, қалық зиялы қауым өкілдерінің ашу-ызасын тудырған Мәулен Әшімбаев ақталғандай болып жазба жариялап, сөйлеген сөзінің видеосын салды, деп хабарлайды KzNews.
«Жалпы, зерттеу жұмыстары кезінде, алдымен, ашаршылық құрбандарын түгендеудің және олардың нақты санын анықтаудың маңызы зор» деп бастаған Әшімбаев құрбандардың аты-жөндерін анықтау оңай шаруа емес екенін айтады.
Нәубетті бастан өткерген куәгерлердің естеліктерін жинау, құрбандардың цифрлық базасын жасау, шетел архивтеріндегі құжаттарды зерделеу, елден босып кетуге мәжбүр болғандардың кейінгі тағдырларына назар аудару және нақты деректерге сүйенген кітаптар шығару, фильмдер түсіру, театрлық қойылымдарды сахналау сияқты бастамалар бар екенін айтты.
Ашаршылық туралы атқарылатын іс-шаралардың тізімін жасаған сенат төрағасы нәубеттің саяси бағалануы туралы жақ ашқан жоқ.