Қарағандыда шенеуніктер жақындарына заңсыз пәтер берген
Қарағанды облысында мемлекеттік органдардың қызметкерлері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алу үшін адамдарды заңсыз кезекке қойды. Олардың тіпті шаршы метрге қол жеткізу құқығы да жоқ. Бұл туралы ORDA хабарлады.
Шенеуніктер пәтерлерді иемденуге рұқсат етілмеген «өз» адамдарын мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерге заңсыз қоныстандырды. Мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес мүгедектер, жұмыс істеп жүрген жастар, көпбалалы отбасылар жалға берілетін үйлерде жеңілдетілген шартпен тұра алады. Бұл жалға берілетін мүлікте жалдау ақысы төленбейді. Тек коммуналдық қызметтерге төлем жасалады.
Тексеру нәтижесінде прокурорлар заңсыз жалға алушыларды анықтады.
«Заңсыз жалдаушылардан 30 миллион теңге өндіріліп, 13 пәтер босатылды. Қазірдің өзінде 8 пәтерге шын мұқтаж адамдар орналастырылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын жасады. Пәтер алу және олардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үйді өз бетінше сатып алуға жеткілікті кірісі жоқ халықтың әлеуметтік осал санаттары қол жеткізе алады. Атап айтқанда, мүгедектер, жетімдер, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ ірі мегаполистердегі жұмыс жасайтын жастар.
Анықталғандай, кезекке заңсыз мыңдаған адам тіркелген.
«Прокуратураның араласуынан кейін бағдарламаның шарттарына сәйкес келмейтін 2540 адам тізімнен шығарылды. Тексеру нәтижесінде жүздеген заң бұзушылықтар анықталды», – деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.