Ақтөбе облысында аурухана 32 млн теңгелік ультрадыбыстық зерттеу жүйесін 69 миллионға алған

0
136
Сурет: https://tumba.kz/

Ақтөбе облысында медициналық жабдықтар өз құнынан бірнеше есе қымбат бағамен алынған, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Мысалы, облыстық жедел жәрдем ауруханасы құны 32 млн теңге болған ультрадыбыстық зерттеу жүйесін 69 жарым млн теңгеге алған көрінеді.

Ал 22 млн теңгеге алынған өкпені жасанды желдету аппаратының нарықтағы құны одан 5 млн теңгеге арзан болып шықты.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.