Экс-депутат орыс тілі үшін даяшыға пышақ ала жүгірді

0

«Свобода» партиясының атынан Жоғарғы радада депутат болған Олег Гелевей дәмханада орыс тіліне бола пышақтасты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға 14 ақпан күні Киевтегі ғимараттардың бірінде болды.

Strana.ua мәліметінше, Гелевей өзінің бұрынғы сотталушыларымен бірге ішімдік ішіп отырып қонақтармен орысша сөйлескен даяшыға шабуылдаған.

Даяшының тамағына пышақ кезеп, «мованы» жақсы көр деп талап қойған.
Бойжеткенді қонақтардың бірі құтқарып қалды. Кейін экс-депутат пен танысы араласқан азаматқа шабуылдаған.

«Чому не державною» деп сөз таластырған азаматтардың ұрысы пышақ жарақатымен аяқталды. Гелевейдің танысы қалтасынан пышақ алып шығып, ер адамды бұрышқа тақаған. Кейін оны Киев қонақтарының көзінше пышақтаған», — делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылды. Жәбірленушіге жедел жәрдем шақырылды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Олег Гелевейдің өзі әзірге босатылды, ал танысы қамауда.