«Құлыбаевтың көңілдесінің» үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

0

Әлеуметтік желіде өзін «Құлыбаевтың көңілдесімін» деп таныстырған Элеонора есімді әйелдің қоғамдық тәртіпті бұған дейін де бұзып келгені белгілі болды.

Бірнеше күн бұрын әйелдің дәмханада ботқаға тапсырыс беріп, кейін оған өзінің шашын салып қойған сәті түсірілген видео тараған болатын. Мұның барлығы шотты төлемеу үшін жасалған. Артынша ол шу шығарып, өзін Елбасының күйеу баласы «Тимур Құлыбаевтың көңілдесімін» деп таныстырады.

9 ақпан күні құқық қорғау органдарына астана дәмханаларының бірінде жұрттың мазасын алған әйел туралы хабар келіп түсті.

Полицейлер бұл фактіге қатысты «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

«Медициналық сараптамаға сәйкес, құқық бұзушы әйелдің орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Оған қатысты «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жауапкершілікке тарту үшін жіберілді», – делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Астана | Казахстан |Жалобы (@zhaloby.astana)

«Құлыбаевтың көңілдесінің» есімі Элеонора және ол қоғамдық тәртіпті бірінші рет бұзып тұрған жоқ. Ведомствода ақпан айының басынан бері оған қатысты үш шағым келіп түскені белгілі болды.

  • 5 ақпан күні қонақ үй дәмханасындағы шотты төлемеген;
  • 7 ақпан күні басқа қонақ үйдің мүлкін бұзған;
  • 9 ақпан күні қызымен бірге дәмханаға келіп, шу шығарған;

Қазіргі уақытта әйел адам бес АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс, ал сот оның барлық істерін қарайды.