Ринат Зайытов лауазымды қызметте қанша жалақы алатынын айтты
Жуырда ғана Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрына директор болып тағайындалған Ринат Зайытов аталған өнер ордасындағы қаржы мәселесін сөз етті. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
— Сенсең де, сенбесең де осы — әлі сұраған жоқпын айлығым қанша деп.
— Сіз еңбек келісімшартына қол қойған кезде тұрады.
— Жоқ, еңбек келісімшартына қол қойып, оның барлығы заңды күшіне енуі үшін менің әділет министрлігінен келетін құжаттарым бар. Оған өткізіп қоямын, сосын бір апта күтемін, бұйрық шыққаннан кейін. Соны күтіп отырмын қазір. Сондықтан мен ешкімге қазір «Ойбай құжат әкеліңдер, мен қырамын-жоямын» деп отырған жоқпын.
— Айлығыңызды білмейсіз.
— Айлығым шамамен енді екі жүз мың теңге. Өтірік айтпаймын.
— Бюджеті қанша?
— Бір 17-18 млн теңге болуы мүмкін.
— Енді қараңыз. Бірінші еден жуушылармен барып сөйлестім. Солардың айлығын білемін нақты. Ең көбі — 56 мың теңге. Ойлаңызшы — 56 мың теңге. 56 мың теңгеге адам жұмыс істей ме? 56 мың теңгеге адам 11,5 мың шаршы метр жуа ма?
— Қазақстанда жұмыс істейді.
— Көрдің бе? Менің жұмыс істеп отырғаным орталығымда осындай айлық. Ол жерде ең жоғары айлық менікі болса — әрі кетсе 200 мың шығар. Ол жерде әншің бар, әртісің бар, басқасы бар. Ешқайсысының айлығы 100 мың теңгеден аспайды.