Covid-19 вакцинасын алған 4 адамнан коронавирус анықталды

0

АҚШ-тың Орегон штатында екі доза вакцина алған кем дегенде төрт адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Американың NBC медиа-компаниясы хабарлаған.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, адамдарда SARS-CoV-2-ге оң тест вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күннен кейін анықталған. Вирус жұқтырған төртеудің ауруы симптомсыз өткен.

Ал Францияның «Sanofi» фармацевтикалық концернінің жетекшісі американдық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін «Sanofi» вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған.

Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға «AstraZeneca» вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады. Алдыңғы сынақтар оның ересектерге қауіпсіз екендігін көрсетті. Зерттеуге 300 астам ерікті қатысады, олардың 240-ы вакцина алады. Алғашқы екпелер ақпан айында жасалады деп жоспарлануда.