Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

0

2018 жылғы 7 желтоқсан 08:18 18

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында ақпанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,3 долларға арзандап, 60,31 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,4 долларға төмендеп, баррелінің бағасы 51,49 доллар болды.