«Реал Мадридтің» жанкүйері Головкин Мессиге өзінің былғары қолғабын сыйлады (видео)

0

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Аргентина құрамасы мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. Алайда Голвкин «Реал Мадрид» футбол клубының жанкүйері. 

Қазақстандық боксшы танымал футболшыға өзінің қолғабын сыйлады. Кездесу Барселонадағы алғашқы Finney блокчейн-смартфоннын таныстыру кезінде өтті. Бұл смартфонды Sirin Labs швейцариялық-израильдік компаниясы жасаған. Ал оның директорлар кеңесінің төрағасы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев.

«Қамшы» сілтейді