Оқу іс-әрекетінде зейінді ұйымдастыру
Жоспары:
- Оқу іс-әрекетінде зейінді ұйымдастыру
- Дүниені танудағы түйсіктің орны
- Қабылдау- шындықты бейнелеудің жоғары формасы
- Оқу іс-әрекетіндегі естің маңызы мен ерекшеліктері
- Ойлау және оны белсендіру
- Сөйлеу
- Қиял
Оқу іс-әрекетін анықтау.
«Оқу іс-әрекеті» ұғымы жеткілікті біржақты ұғым емес. Бұл ұғым кейде үйрету, білім беру тіпті оқыту сөзіне синоним бола алады. Тар мағынасында Д.В.Эльконин бойынша, бұл- кіші мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеттері болса, ал кең мағынасында оқу іс-әрекеті- оқу іс-әрекеттерінің жалпыланған тәсілдерін меңгеретін субъектінің іс-әрекеті.
Оқу іс-әрекетінің үш негізгі ерекшелігі бар: 1) ол оқу материалдарын меңгеру мен оқу міндеттерін шешуге арнайы бағытталған; 2) онда әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі; 3) әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттердің шешімінің алдын алады.
Оқу іс-әрекеті адамға ғана тән іс-әрекет, және ол адам өзінің іс-әрекетін саналы басқара алғанда ғана жүзеге асады.
Оқу іс-әрекетінде тек қана іс-әрекеттің танымдық функциялары ғана емес, сонымен қатар қажеттіліктер, мотивтер, эмоция мен ерік қосылады. Оқу іс-әрекетінде абстрактылықтан нақтылыққа, жалпыдан жалқыға өту жүреді.
Оқу іс-әрекетінің ең басты нәтижесі оқушыларда теориялық сана мен ойлауды қалыптастыру. Бұл жерде мәліметтер адамның сезім мүшелерінің қатысуымен жүзеге асады да, оның түйсігі мен қабылдауы іске қосылады, тек содан кейін ғана тану, есте сақтау, ассоциация, және саналы түсіну қосылады. Түйсік дегеніміз адамның сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық дүниенің заттары мен құбылыстарының нақты жеке қасиеттерін, сапаларын, жақтарын бейнелейтін танымдық үрдіс.
Зейіннің маңызы адамның қоршаған ортадан бір объектіні бөліп алып, оған шоғырланып, өзге объектіге алаңдамай және таңдалған объектіні іс әрекетке қажетті уақыт бойы «ұстап» тұра алуында. Зейін сырттай мимикадан, қозғалыс белсенділігінің тежелуінен, көздің бағытталуынан, «оқталған» позадан көрініс береді. Қабылдаудың тиімділігі – зейіннің «өткізу қабілеттілігі» оның қасиеттерімен анықталады. Бұл қасиетердің табиғи шектеулері бар, бірақ жаттықтыру мен дамытуға болады.
Зейін – сананың бір объектіге бағыттала шоғырлануы, саналы түсіну мен мақсатқа бағытталған іс әрекетке мүмкіндік беретін толық және белсенді қабылдауды қамтамасыз етеді. Зейіннің объектісі кез келген зат, объективті өмір құбылыстары немесе заттар, құбылыстар топтары, сонымен қатар осы заттардың қасиеттері немесе адамның өзінің ойы, сезімі, әрекеті болуы мүмкін. Зейін танымдық іс әрекетпен, оның ішінде еспен, ойлаумен байланысты барлық таным үрдістердің пайда болуы мен жүзеге асуының негізі.
Зейін маңызды қызметтердің тұтас кешенінің көмегімен танымдық іс әрекетті тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Егер адам саналы түрде өзінің зейініне «көмектессе», онда оның оқу іс әрекетінің тиімділігі максимальді; егер де оған кедергі келтірсе, онда іс әрекет жүзеге аспайтындай күрделенеді.
Зейіннің негізгі қызметтерінің оқу іс-әрекет тиімділігіне тигізер ықпылын қарастырайық.
- Танымдық іс әрекеттің қажеттіліктері мен мақсатына сәйкес маңызды зерттеу объектісін таңдау.
Мұндай объектілер оқытушының сөзі, жаңа ұғымдар, заңдылықтар, қандай да бір зат немесе құбылыстың қасиеті мен сипаты, формулалар, міндеттерді шешу тәсілдері және т.б болуы мүмкін. Оқу жағдайындағы зейін объектісі іс әрекет тәсілдерінің мағынасын ұғынуға не меңгеруге мүмкіндік беретін мәлімет немесе әрекет элементтері болғаны маңызды. Оқытушы мен оқушы мәліметті меңгеру үшін зейіндерін негізгі, маңызды объектілерге аударып, «өзге», маңызды емес объектілерге алаңдамаулары керек.
- Зейіннің маңызды емес немесе кедергі келтіретін объектілер мен ықпалдардан аударылуы, побочный іс әрекеттердің тежелуі.
Шоғырланған танымдық іс әрекетке кедергі келтіретін ішкі және сыртқы факторлардан зейінді аудару үйдегі шу, өзге адамдардың болуы, шаршау т.б. болуы мүмкін. Зейін объектісіне байланысты зерттелетін пән (мәлімет) не өзге «ойлар» мен әрекеттер немесе зерттеу пәнімен (мәлімет) байланысты емес іс әрекет, зейін бағытталмаған танымдық іс әрекет кедергі келтірушілер ретінде тежеледі. Зерттелетін мәліметті меңгеру үшін бір мезгілде танымдық іс әрекетпен және «өзге де істермен» еш қандай күш жұмсамай ақ айналыса отырып зейінді сақтап қалу туралы кең тараған ой қате ой болып табылады. Зейіннің психологиялық механизмі бойынша, зейін бағытталған бір ғана іс әрекет түрі тиімді бола алады.
- Орындалатын іс әрекет аяқталағанша, яғни мақсатқа жеткенше объектіні (мәліметті) санада ұстап тұру.
Бұл дегеніміз қажетті уақыт ағымында бейнелерді, пікірлер логикасын, іс әрекет тәсілдерін, оның жоспарланған кезеңдерін, аралық нәтижелерін және т.б. есте сақтау. Іс әрекеттің мазмұнымен байланысты осы мәліметті ұстау ұзақтығы адамның алдына қойған мақсатымен байланысты. Мысалы, оқушы мәліметті алу үрдісінде өз алдына оқытушының не айтатынын тыңдауды негізігі мақсат етіп қойды. Мұндай жағдайда зейін объектісі – оқытушы айтқан сөздер, олар есту қабылдауы қанща уақытқа созылса, ол сонша уақытқа созылады және оқушылардың мәліметтерді ұғынып, есте сақтауларына мүмкіндік береді. Егер негізгі мақсат – зерттелетін мәліметті ұғыну мен меңгеру болса, онда зейін барлық қабылданған мәліметтің негізгі мазмұнын, оның мағынасын, оқытушының баяндау логикасын ұстайды; зерттелетін материал үлкен көлемде және саналы меңгеріледі. Сондықтан да оқу іс әрекет алдында алдыңызға өзіңіз қол жеткізгіңіз келетін нәтижеге бағытталған нақты мақсат қоюыңыз керек.
- Іс әрекетті реттеу және оның орындалуын бақылау.
Бұл үрдістер іс әрекеттердің кезеңдері, оның аралық операциялары мен болжанған нәтижелермен салыстырылған жоспары бар нәтижелердің бірігуі барысында жүзеге асады. Осындай салыстыру үрдісінде адам біртіндеп шынайы істегендері мен не істеу керектігін салыстыра отырып, аралық нәтижелерін бағалай отырып, өзінің іс әрекетінің тиімділігін бағалайды, жұмысын түзетеді. Мысалы, оқушылар есту арқылы қабылданған мәліметтерді конспектілей отырып, оны жазғанымен, оқытушының айтқанымен салыстырады, егер қажет болса конспектіге түзетулер енгізеді.
Тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде орындаушы нұсқаумен немесе методикалық оқулықпен сынаса отырып, жұмыстың әрбір кезеңінің орындалу дұрыстығын бағалайды, жұмыста берілген жағдайларды сақтауды, алынған аралық нәтижелердің нұсқауда берілген стандартқа, сипаттарға сәйкес келуін бақылайды және т.б.
Зейіннің қызметтері қабылдауды ұйымдастыруға, адамның кез келген іс әрекетін саналы түсіну мен реттеуге бағытталғандықтан оқу іс әрекеттің тиімділігін анықтайды
Оқу тапсырмаларын орындаудағы зейінсіздіктерден, сабақ кезіндегі өзге іс әрекеттен аулақ болу керек, өйткені осыдан барып қалыптасқан интеллектуалдық іс әрекет стереотиптері өте жауапты сәттерде шоғырлануға кедергі келтіреді. Танымдық іс әрекеттегі шоғырлану, мақсаттылық әдеттердің жылдам және ақыл-ой жұмыстарының жемісті болуына мүмкіндік береді.
Іс әрекет жағдайларына, оған деген қатынасқа, көңіл-күйге, ден саулыққа байланысты ұзақтығымен және жемістілігімен ерекшеленетін зейін түрлерін бөледі: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
Ырықсыз зейін адамның саналы назарына тәуелсіз пайда болады. Оның пайда болуының себептері келесілер болуы мүмкін:
▪ зейін аударатын объектінің ерекшеліктері (жаңалығы, әсер етуінің күші (не қарқындылығы), кенеттен пайда болуы, кеңістіктегі, уақыттағы қозғалысы және т.б);
▪ зейін объектісінің адамның ішкі жағдайына, яғни оның қажеттіліктеріне сәйкес келуі; бұл объектінің маңыздылығын саналы ұғынудан көрініс береді; оған эмоциялық қатынасы (қанағаттану, қызығушылық, еліктеу); өткен тәжірибенің ықпалы (білімдер, елестер, дағдылар, біліктер мен әдеттер); белгілі бір әсерлерді күту; мақсаттың болуы (белгілі бір әрекет түрімен әрекет ету, жауап беруге дайын болу); тұлғаның жалпы бағытылығы (іс әрекетке, дем алуға, іс әрекет үрдісіне не нәтижесіне, қарым-қатынасқа және т.б.).
Еріксіз зейіннің пайда болуы адамның белгілі бір іс әрекетке деген жалпы ішкі көңіліне, белгілі бір объектілерді қабылдауына, сонымен қатар оның іс әрекетін ұйымдастырудың сыртқы жағдайларына, объектілерді қабылдау жағдайларына байланысты. Сондықтан да белсенді танымдық іс әрекетке психологиялық дайын болу, зерттелетін материалға қызығушылық, оның жемісті кәсіби және болашақтағы қандай да бір өзге іс әрекетке маңызды екенін саналы түсіну, сонымен қатар қабылдауға жағымды жағдай жасау зерттелетін мәліметке зейінді қатынасты қамтамасыз етеді және оны меңгерудің жоғары тиімділігіне мүмкіндік береді.
Танымдық іс әрекеттегі зейінді ұйымдастырудың тағы бір маңызды аспектісін ескерген жөн. Бұл дегеніміз зейін объектіге немесе әрекетке олардың іс әрекеттің жалпы құрылымынан алатын орындарымен анықталады. Әдетте зейін іс әрекет нәтижесіне бағытталған (мысалы, міндеттерді шешуге, мағынасын түсінуге не заңдылықтарды іздеуге, әрекет сызбасын не мінез-құлық моделін өңдеуге және т.б.). Дегенмен егер де оқушылар нәтижеге жетуге қажетті аралық әрекеттер мен операцияларды дұрыс орындау біліктіліктері мен дағдыларын білмесе (мысалы, оқытушының баяндау логикасын түсінбесе, тапсырмаларды шешу тәсілдерін, оқиғалар мен құбылыстар мәнін білмесе, іс әрекеттің және мінез-құлық принциптерінің негізгі әдіс – тәсілдерін және т.б. білмесе), онда оның зейіні әрқашан іс әрекеттің соңғы нәтижесінен ауытқиды және жеке операциялар мен олардың элементтеріне бағытталады. Нәтижесінде танымдық іс әрекет оқушы қабылдауындағы тұтастығын жоғалтады және бұл оны ұғыну мен жүзеге асыруды күрделендіреді.
Еріксіз зейін уақыттағы тұрақсыздығымен сипатталады, сондықтан да танымдық іс әрекетте тек оның мақсаттылығына сүйенеді.
Ырықты зейін эффективті болып табылады, ол белгілі бір мақсат қою мен еріктік күштерді жұмсауға негізделген таным мен іс әрекет объектісіне саналы реттелген шоғырлануды білдіреді.
Ерікті зейінді ұстап тұру да тұлғаның ішкі жағдайына тәуелді (бағыттылығына, мақсатына, қызығушылығына, өткен тәжірибесіне және т.б.), бірақ бұл тәуелділік қосымша, тікелей емес болып табылады, себебі мұндай ерікті зейін табиғатынан әлеуметтік болып табылады (мақсатқа, қатынастарға, өмір мен іс әрекет жағдайларына, қоғам мүшесі ретіндегі адамның қажеттіліктеріне негізделген). Тұрақты ерікті зейінді ұстауға тәжірибелік әрекеттер мүмкіндік береді. Мысалы, оқу барысында ұзақ уақыт бойы оқытушыны мұқият тыңдау қиын, әсіресе баяндалған мәлімет күрделі, жаңалықтарға толы, түсіну үшін күрделі болса, қызығушылық тудырмайды. Мұндай жағдайда негізгі есептерді, мәліметтерді сызбалар, кестелер, графиктер, суреттер және т.б. түрінде бейнелеу зейінді шоғырландыруы мүмкін, өзге объектілер мен әрекетерге алаңдауға мүмкіндік бермейді. Оқу немесе ғылыми әдебиеттерді конспектілеу, тапсырмаларды, сұрақтардың жауаптарын шешуде күрделі материалдар мен өзге де белсенді іс әрекет түрлерімен ойлануда осындай жағдай болады.
Оқу іс әрекетіне шоғырлануға жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру көмектеседі. Стол үстінде зейінді аударатынадай өзге заттар болмауы керек. Сонымен қатар танымдық іс әрекет үрдісінде қажет болатын заттар қажет кезінде оларды іздеп уақыт кетірмеу үшін қасында болу керек.
Зейіннің көлемі – адамның бір мезгілде қабылдап және санада ұстай білетін объектілерінің саны.
Меңгеруді талап ететін қабылданған және зерттелеген мәліметтердің басым көлемі зейін көлемін кеңейтуді талап етеді. Сондықтан да қабылдаудың объектісі не екенін анықтап алған маңызды: жеке сөздер, сөз тіркестері, пікірлер блоктары, олардың мағыналық мазмұны, сонымен қатар сөйлеу тоны, мәлімет алмасу жүретін жағдай. Зейін көлемі ұлғаяды, егер қабылданған объектілерді (ұғымдар, сандар, белгілер, мағыналық және функциялық конструкциялар және т.б.) логикалық жүйеге, мәліметтік бөлігін тұтас мағынамен байланысса. Зерттелген мәліметтің логикалық талдануының негізгі тәсілі – оны тұтас, жүйелі түсіну.
Зейіннің тұрақтылығы – қабылдау объектісіне ұзағырақ тұрақтау.
Зейіннің табиғи механизмі мынандай, зейін тұрақтылығының алмасуы әрбір бірнеше секунд және 15-20 минутта жүреді. Олардың біріншісі адам үшін байқалмайды және оны сезбейді де, ал екіншісі зейіннің өзге объектіге ауысуына әкелуі мүмкін. Зейіннің бір объектіге, ол зат болсын, іс әрекет болсын ұзақ шоғырлануы 15-20 минутпен шектеледі, одан кейін зейін өзге объектіге ауысады. Сондықтан да адамның қабылдауына бағытталған ауызша не жазбаша баяндамалар толық көлемімен 15 минуттан аспауы керек. Бұл жерде зейіннің тұрақтылығы іс әрекетке деген қызығушылықпен, оған жауапкершілікпен қараумен, оның орындалуын саналы бақылаумен, зейін объектісімен белсенді өзара әрекет етумен жоғарылайтынын ескерген жөн. Үйреншікті зейіннің пайда болуында тұрақтылық байқалады.
Зейіннің шоғырлануы – объект не іс әрекеттің поглощенност-гі, шоғырланудың тереңдігі. Зейіннің бұл қасиеті адамның алаңдататын объектілер не әсерлерге өздігінше «қарсы тұруын» қамтамасыз етеді. Зейіннің шоғырлануы срнымен қатар оқу іс әрекеттің маңыздылығын түсінумен, оның орындалуына жауапкершілікпен қараумен, оған қызығушылықпен, тұлғаның ерік сапаларын дамыту деңгейімен байланысты. Зейіннің көп шоғырлануы үйреншікті зейінде пайда болады.
Зейіннің ауысуы – зейінді бір объектіден келесі объектіге еркін (саналы) ауыстыра білу қабілеті, зейін объектілерінің оңай ауысуы, іс әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысуы. Зейінің ауысуы зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығынан кері тәуелділікте. Зейіндері тұрақты адамдар өзге объектілерге не іс әрекетке қиындықпен ауысады, оларға «қайта ауысу» үшін уақыт керек, сондықтан әр түрлі мәліметтерді қабылдауда, әсіресе жоғары жылдамдықпен берілетін мәліметтерді қабылдағанда олар мәлімет бөліктерін жоғалтады, оның мазмұны бұрмаланады, нәтижесінде оларды адекватты қолдануда қателіктер пайда болады. Олар мәлімет алуда мағыналық блоктарын паузалармен немесе ауыспалы сөз тіркестерімен бөліп алулары керек.
Зейіннің ауысуы оқу іс әрекеттің тиімділігі үшін маңызды, өйткені әдетте оқушылардың біраз аралық уақыт барысында пәнімен, ұғымдарының мазмұнымен, логикасымен ақыл ой іс әрекетін жүзеге асырудың әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі іс әрекет түрлеріне ауысуланына тура келеді. Егер адам зейінін жылдам ауыстыра алмаса, бір мәлімет түрінен келесісіне өте алмаса, онда оның есі мен ойлауы қайта құрылып үлгермейді, ол зерттелетін материалды ұғынуда қиындықтар тудырады, ақыл ой іс әрекетінің тиімділігін төмендетеді, шаршауға, өзіне қанағатсыздануға, іс әрекетке деген қызығушылық пен мотивацияның төмендеуіне әкеледі.
Зейіннің шашыраңқылығы – сананың бір мезгілде бірнеше объектілер немесе іс әрекет түрлеріне бағытталуы. Бұл мәліметтерді қабылдау мен меңгерудегі зейіннің маңызды қасиеттерінің бірі, өйткені оқу іс әрекет үрдісінде оқытушыны тыңдауға, тыңдағанды саналы түсінуге, негізгілерін жазып алуға, баяндау логикасын бақылауға тура келеді және т.б.
Зейіннің шашыраңқылығымен негізделген мәліметтердің бірнеше ағымдарын бір мезгілде оларды салыстыра отырып және алынған мәліметтің мазмұны мен формасын бұрмаламай адамның қабылдай алу мүмкіндігі (мысалы, оқытушының сөзін «сыртқы» мәлімет ретінде тыңдап және өзінде бар білімді «ішкі» мәлімет ретінде талдау) аз ғана адамдарға тән, көпшілігі мәліметтердің тек қана бір вариантын эффективті қабылдауға қабілетті, қалғандары күшті бұрмалаушы ықпалға түседі.
Қоршаған дүниені танудағы алғашқы психологиялық үрдіс –түйсік болып табылады.
Оқушылар түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін, сапаларын білетін болады. Түйсіктер сезім мүшелеріне байланысты: көру, есту, дәм, иіс, тері, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бөлінеді. Оқу іс-әрекетінде көру түйсігінің маңызы зор. Олар арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелейді. Өкінішке орай, оқытушылар осы мәселені әрқашан ескере бермейді, лекцияларды акустиканы немесе кесте не суреттерді қолданған уақытта балардың көру ерекшеліктерін ескерместен оқып пайдаланады.көп жағдайда баланың көруіне ықпал ету оқытушының билігінде қалады. Көру ерекшелігінің жарық пен контрасттыққа тәуелділігін зерттеу, фонның яркийлығын күшейту көруді жақсартатындығын көрсеткен. Қаралатын объектілер мен фон арасындағы контрасттық азайса, соған сәйкес көру күші де азаяды. Сонымен көру түйсігі дүниетану үрдісінде өте маңызды орын алады. Өйкені, оқушылар көру арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстардың көпшілігін түйсінумен бірге оларды анық танитын болады.
Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес, бұл күрделі үрдіс. Ол дүниетану үшін үлкен көп роль атқарады. Тері түйсіктері заттың формасын, үлкендігін майдалылығын көзбен көрмей-ақ, өолмен сипау арқылы ажыратуға мүмкіндік береді.
Қабылдау – затты тұтас бейнелеуге бейім үрдіс. Түйсікке қарағанда, қабылдау – шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы. Қабылдауда ес үрдісі маңызды рол атқарып, бұрынғы қабылданған құбылыстың бейнесі қайта жаңғырады.
Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін дамытуда бақылаудың алатын орны ерекше. Бақылау, бұл белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Оның негізінде бала ой жүгіртіп, зейін қоюға үйренеді. Көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылау негізінде оқушыларда бақылампаздық деген адамның ерекше құнды қасиеті қалыптасады. Бұл оқушылардың өмірлік тәжірибесін, біліктілігін, әр нәрсеге ерекше зейін қоюшылық қасиетін дамытады. Жүйелі, мақсатты қабылдау – кез-келген жұмыста құнды, жемісті болып табылады.
Материалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің 2 түрлі формасы бар: олар кеңістік пен уақыт. Егер оқушылар бала кезінен уақыт пен кеңістікті дұрыс түйсіне алса, онда ол оның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, бағдар көрсетеді. Сол арқылы бала тіршілік ету жағдайына бейімделеді.
Ес – адам тәжірибесінің есте сақталып, қайта жаңғыртылуын қамтамасыз ететін күрделі психикалық танымдық үрдіс. Сонымен қатар ес адамның білім алуы мен дамуы үшін негіз болатын теориялық білімдер мен тәжірибелік біліктержүйесін қалыптастыра отырып, адамның қазіргі шағы, өткен шағы мен болашағын байланыстырады.
Адам есі үш үрдістің бірлігіне негізделген:
есте қалдыру – жаңа мәліметті ерте меңгерілген біліммен байланыстыру арқылы есте қалдыруға бағытталған психикалық іс әрекет;
есте сақтау – мәліметтің формасын, көлемі мен мазмұнын өзгеріске ұшыратпай есте сақтайтын психикалық үрдіс; оған қарсы ұмыту — ерте сақталған мәліметердің жойылуы, «өшуі», және осымен байланысты бөлшектеніп қайта жаңғыртылуы не мүлдем қайта жаңғыртылмауы;
қайта жаңғырту – нәтижесінде есте ерте сақталғандардың актуализациясы жүретін психикалық үрдіс.
Психикалық белсенділік сипатына байланысты естің келесідей түрлерін ажыратады.
Бейнелік ес – ерте қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Бейнелік есте сезім мүшелерінің белсенділігімен байланысты түрлерін ажыратады: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сезу және т.б.
Адамдардың көпшілігінде көру арқылы есте сақтаулары жақсы дамыған, сондықтан да көрнекіліктер арқылы қабылданған мәліметтер жылдам және мықты есте сақталады.
Екінші орында белсенділігі мен дамуы жағынан есту арқылы есте сақтау тұрады. Сондықтан да мәліметті көру және есту арқылы есте сақтау толық және нақты есте қалдыруды қамтамасыз етеді.
Қозғалыстық ес– жеке қозғалыстар мен олардың жүйесін есте қалдырып, қайта жаңғыртуда көрініс береді. Оның негізінде қалыптасқан әдетке айналған әрекеттер, жұмыс дағдылары, жұмыс позасы, бұлшық ет күштерімен байланысты іс әрекет алгоритмі адамда өмір бойына қалады. Сондықтан да мәліметтерді қозғалыста бекіту (жазып алу, сызба, операцияны үлгі бойынша қайталау) оны есте ұзақ сақтауға мұмкіндік береді. Қозғалыс есі мәліметті есте қалдырумен, қайта жаңғыртумен байланысты меңгерілген дағдыларды өмір бақи есте сақтауға мүмкіндік береді.
Эмоциялық ес – сезімдер, әсерлер есі. Адамның басынан өткен сезімдер ізсіз жоғалмайды, олар еста қалады (кейде өте жарқын) және адамның эмоциялық әлемін қалыптастыра отырып, мінез құлықтың әлеуметтік моделін меңгеруге ықпал етіп есте сақталады, қайта жаңғырталады. Осымен қатар мәліметті қабылдаудың эмоциялық фоны оны есте қалдыруға маңызды ықпал етеді. Мысалы, адамның есіне сақтаған мәліметтерінің 80%і оны қабылдау кезіндегі оның эмоциялық әсерлерімен байланысты екен, ал тек шамамен мәліметтің 40 %і ғана нейтральді эмоциялық фонда қабылданған, яғни немқұрайлы қабылданған. Сондықтан да қабылданатын мәліметке адамның қатынасы оның жақсы есте сақталуына көмектеседі.
Сөздік – логикалық –логикалық нұсқаулардың ұғымдарын, ойларын, белгілер жүйесін, сөз тіркестерін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғыртуда көрініс беретін ұғымдық ес. Ұғымдар мен ойлар белгілік және сөздік формалардан тыс өмір сүрмейтіндіктен, сөздік және белгілік сөйлемдерді қайта жаңғыртуда олар әрқашан алғашқы қабылданған нұсқасында түсе бермейді; қайта жаңғыртудың әр түрлі мақсаты мен жағдайларына байланысты не нақты не мағыналық қайта жаңғырту талап етіледі. Сөздік-логикалық ес – сақталған мәліметтің көлемі жағынан және еске түсірудің мүмкіндіктері жағынан ең күштісі болып табылады, сонымен қатар мәліметті әр түрлі варианттарда еске түсіруге мүмкіндік беретін ең «гибкий» ес. Логикалық естің көлемі механикалық естен шамамен 22 есе артық.
Мәліметті сақтау уақытына байланысты естің үш түрін ажыратады:
Қысқа мерзімді – мәліметті бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін есте сақтайтын қысқа ес; кейде оны қабылдау есі деп те атайды, себебі алғашқы мәлімет келесі мәліметтен қабылдау арқылы шығады. Бұл естің көлемі зейіннің көлемімен анықталады және 7 ± 2 сөзді құрайды, сондықтан да саны жағынан ұзақ сөз тіркестері қиындықпен есте сақталып деформацияға ұшырайды, ал формулалар немесе нұсқаулық көрсеткіштер шатысады.
Оперативті ес – мәліметті оның қолданылу мерзімінде ғана ұстап тұратын іс әрекеттік ес (мысалы, қандай да бір есеп шығару кезінде бастапқы сандық мәліметтерді есте сақтаймыз, бірақ керек нәрсені есептеп болғаннан кейін тек қана соңғы нәтижені ғана есімізде ұстаймыз, ал бастапқы мәліметтер ұмытылады не шатысады). Бұл естің «құпиясы» мынада, ол іс әрекеттің не мәліметтің мағынасы мен нәтижесін сақтайды; сондықтан да адамның нені не үшін жасайтынын түсінуі іс әрекетті орындауға қажетті барлық мәліметтерді есте ұстауына мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді ес — әдетте алғашқы емес, қайта жасалған түрінде – жалпыланған, жүйеленген түрінде сақталаған қабылданған мәліметтерді ұзақ және мықты сақтауымен ерекшеленеді. Бұл нақты емес, базалық білімдер. Ұзақ мерзімді ес мәліметті жылдар бойы, ондаған жылдар бойы сақтайды, бірақ ол үшін мәлімет өте маңызды не қажетті болуы керек. Сондықтан да адам алынған мәліметтің маңыздылығын түсінбесе не не үшін қажет және қалай қолданылатынын екенін білмесе, онда оны жылдам ұмытады.
Оқу іс-әрекетінде ойлаудың қатысуынсыз оқу материалдарын меңгеру мүмкін емес. Ал ойлау дегеніміз- әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрсенің жалпы және жанама бейнеленуі.
Ойлау ең жоғарғы танымдық үрдіс болып табылады. Ол жаңа білімнің пайда болуына, шығармашылықтың белсенді формасына мүмкіндік береді. тәжірибеде ойлау психикалық үрдіс ретінде өмір сүрмейді, ол танымдық үрдістердің барлығына қатысады: қабылдауға, зейінге, қиялға, ес пен сөйлеуге.
Ойлаудың негізінде оқушылар заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға мүмкіндік алады.
Заттық-әрекеттік ойлау — заттарды тікелей қабылдауға сүйенеді, тәжірибелік әрекеттер және заттармен әрекет ету үрдісіндегі ситуацияның шынайы қайта жасалуымен байланысты. Ойлаудың бұл түрі ерте пайда болады, ол әсіресе балалық шақта айқын көрініс береді, ересек адамдарда негізінен мәліметтің жетіспеушілігінен не жоқ болуынан, шешім қабылдау кезінде уақыттың тапшы болуынан, іс әрекет және мінез – құлық тәжірибесінің жоқ болуынан көрініс береді. Ойлаудың бұл түрінде интеллектуалдық әрекеттің моделі: «бірінші әрекет ет, содан кейін оны ойлан».
Көрнекі-бейнелік ойлау — бейнелер мен елестерге сүйенеді, оның қызметі адамның өзі ықпал етіп отырған ситуациядан алғысы келетін нәтижесін елестетуімен байланысты. Ситуацияның ойша (бейнелік) қайта жасалуы әр түрлі заттар, әрекеттер мен қасиеттердің еркін байланыстарына негізделеді, бұл ойлаудың осы түрінің неізгі ерекшелігі. Көрнекі-бейнелік ойлау ересек адамдарда не тұлғаның көркемдік қорымен, не ұғыну деңгейіндегі білімнің жеткіліксіздігінен пайда болады. Ойлаудың бұл түрінде интеллектуалдық әрекеттің моделі: «Мәнін бейне және сызба арқылы түсіну».
Көрнекі-бейнелік ойлау заттық-әрекеттік ойлау мен абстактілі-логикалық ойлаудың қызмет етулеріне көмектесе отырып, олардың арасынан аралық орын алады. Сондықтан да көрнекі-бейнелік мәлімет әрекеттердің де, ұғымдардың да қалыптасуларына мүмкіндік береді.
Абстарктілі-логикалық ойлау – ұғымдары мен символдары бар логикалық операциялар арқылы мәліметтер алуға негізделген, сондықтан да үлкен «қайта өңдеуші» қабілетке ие. Ойлаудың бұл түрі шығу тегі бойынша ең жасы, бірақ ең продуктивтісі. Ұғымдық ойлаудың сапалы көрініс беруі логикалық құрылымның күрделілігімен және жаңа білім алуда қолданылған стратегияларды сипаттайтын ойлаудың ойлау операциялары және формаларын меңгеру деңгейіне негізделген. Ойлаудың бұл түрінде интеллектуалдық әрекеттің моделі: «жалпылық пен байланыстардың мәнін түсіну арқылы жаңаша көру».
Теориялық және тәжірибелік ойлау олардың көмегімен шешілген міндеттердің сипатымен ажыратылады және осылардың салдарынан құрылымдық және динамикалық ерекшеліктері де ажыратылады.
Теориялық ойлау заңдар мен ережелер ашуға, ғылыми ұғымдар енгізіп, логикалық заңдылықтар негіздеуге бағытталған, ол теориялық жалпылаумен жүзеге асады.
Тәжірибелік ойлау шындықтың физикалық қайта жасалуын мақсат қою, жоспар, проект жасау формасында дайындап, жүзеге асырумен байланысты, нақты білімдер және ситуациялық жалпылаулар арқылы іске асады. Тәжірибелік ойлаудың қиындығы мынада, онда болжамды тексеруге арналған мүмкіндіктері шектеулі және уақыт тапшылығында қызмет етуге мәжбүр болады.
Ойлаудың барлық түрлері ойлау операциялары арқылы жүзеге асады:
Салыстыру – объектілер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды орнату;
Нақтылау – жеке объектіні түсіну үшін жалпы заңдылықтар қолдану;
Топтастыру – объектілерді жүйелеуге негіз табу;
Талдау – заттар мен құбылыстардыбөліктер мен қасиеттерге ойша бөлу;
Синтез — бөлшектерімен қасиеттерін тұтастыққа ойша біріктіру;
Жалпылау – заттар мен құбылыстарды олардың ортақ және маңызды белгілері бойынша ойша біріктіру;
Абстракциялау – объектінің маңызды белгілері мен байланыстарын оның маңызды емес белгілері мен байланыстарынан бөліп алу.
Кез келген ойлау тапсырмаларын шешу бірнеше кезеңдерден тұрады:
Егер осы кезеңдердің жүзеге асуын ойлау (оның ішінде шығармашылық) тапсырмаларының жалпыланған сызбасы ретінде елестетуге тырыссақ, онда ол төмендегі кестедегідей болады (Гамезо М.В., ДомашенкоИ.А., 1986).
Іс әрекет жағдайы | үрдіс | Тәсіл | Нәтиже | Жүзеге асу формасы |
Мәселелі жағдай | ойлау | Салыстыру
Топтастыру Нақтылау Талдау Синтез Жалпылау абстракциялау |
Ойлау нәтижелері | Ұғымдар
Пікірлер Ой қорытындысы |
Белгісіз мәселелі жағдай | қиял | Агглютинация
Типизация Гиперболизация Схематизация акцентирование |
Қиял нәтижелері.
Сезімдер мен эмоциялар |
Белгілі бір ретпен ұйымдастырылған бейнелер жүйесі. |
Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі-комуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі:
а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі)
ә) диологтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлеуі)
б) үнсіз (іштей) сөйлеу
в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
А) Монологтық сөйлеу- сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Мұнда айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін қамтиды.
Ә) Диологтық сөйлеу- оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады. Бұл-сөйлеудің ұтымды бір түрі.
Б) Үнсіз (іштей) сөйлеу-адамның практикалық іс- әрекеті мен теориялық ой-пікір жоспарланып, жүйе салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін адам немен барады, қалай барады, алдымен соның бәрін жоспарлап алады. Мұндай ой талқысы, талдау сияқты әрекеттер болады. Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды. Ішкі сөйлеудің психологиялық мәселелері психолог А. Н. Соколовтың зерттеулерінде қамтылған.
В) Жазу сөзі- мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады.
Сөйлеу-ақыл-ой иесі-адамның хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп тұратын тұрақты белгісінің бірі және өзара қарым-қатынасының қуатты түрі.
Тіл дегеніміз- сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі- шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.
Тіл үш қызмет атқарады:
- Адамзаттың қоғамдық тәжірбиесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді.
- Тілдік қатынас нәтижисінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп атайды.
- Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс- әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өргеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттерадамның ақыл-ойымен байланысты.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым –қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлесу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті-күрделі психологиялық процесс.
Адам дүниетанымының күрделі, қасиет-сипаттарының әр тарапты және терең болуының мән-жайы да оның сөйлеу әрекетіне, болмысты анық тіл арқылы тепе-тең етіп бейнелей алуына байланысты.
Белгісіз ситуацияда ойлауды талап ететін тапсырмаларды шешу кезінде алдыңғы тәжірибе арқылы алынған бейнелер мен елестерді өңдеу арқылы жаңа бейнелер құратын психикалық үрдіс – қиял маңызды орын алатыны келтірілген кестеден көрініп тұр. Іс әрекет шығармашылық сипатта болған сайын, оның жүзеге асуында қиял соншалықты роль ойнайды. Қиялдың жүзеге асуына ықпал ететін негізгі операциялардың мәнін анықтап көрейік:
Агглютинация – күнделікті өмірде байланыспайтын бейнелер мен елестердің әр түрлі сапаларын қосу негізінде жаңа бейнелер құру;
Типизация – бірдей бейнелердің маңыздысын, қайталанатыны бөліп алу;
Гиперболизация – затты ойша үлкейту немесе кішірейту, сонымен қатар өның бөліктерін өзгерту;
Акцентирование – зат немесе құбылыстың бейнелерінің қандай да бір жеке белгілерін, сипатын көрсетк;
Қорыта келгенде оқу іс-әрекетінде психикалық үрдістердің, яғни зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиялдың алатын орындары ерекше. Жоғарыда аталған психикалық үрдістердің міндеттері оқу іс-әрекетінде дұрыс жолға қойылып, мақсатқа сай орындалып жатса, оқушыларда теориялық сана мен ойлау қалыптастасып дамиды. Білімді меңгеру эффективті сипатқа ие болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., 2004.
- Столяренко Л.Д Основы психологии. Ростов-на Дону, 2005.
- Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.
- Немов Р.С. Психология. Кн.1., М.,2003.
- Педагогическая психология: конспекты лекции /сост., С.В.Кошелева.- М., АСТ., Спб., Сова, 2005.
- Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы, Рауан баспасы, 1995.
- Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Алматы, 2006.