Ойлау жөніндегі жалпы түсінік

0

Тақырыбы: Ойлау жөніндегі жалпы түсінік.

Мазмұны

Жоспар……………………………………………………………………………………….1

Кіріспе………………………………………………………………………………………..2-3

І. Тарау.  Ойлау жөніндегі түсінік…………………………………….4-5

  1. 1. Ойлау жөніндегі теориялар……………………………………6-7
  2. 2. Ойлау формалары……………………………………………..8-10

ІІ. Тарау. Ой қызметтері ……………………………………………11-13

  1. Ойлау әрекеті түрлері………………………………………14-17
  2. 2. Ойлау және жеке адам………………………………………18-23

Қорытынды…………………………………………………………24-25

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………26

                                      Кіріспе

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат қүштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төнірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасынан ерекшсліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезенде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық зандылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму зандары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде ІІсихологиялық факторларды айналып өтуі тіпті мүмкін емес.. Л. С. Рубиншгейн «Жалпы психояогия негіздері» (1940) атты еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз, ссзіміміз, ойларымыз, ықлас-ниеттеріміз бен тілектерімз, т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңгсн кұбылыстар жиыны», деген.

толғанысының болуы. ол түйсік сезімінен ғана көрінеді де, сиың басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, каншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сүлулығын сезінуі қиын; керең тікелей қабшгдамаған соң, ән-күй өуенін танымайды; махаббат лөззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме-дастан да түкке де тұрмайды.

Психология ерекшеліктерін танудын қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым кұбылыс болуында. Себебі, әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыратылып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамнын түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан бірінен-бірі бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның төнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тәнінен уақытша ажырап, қандай да бір басқа жергс ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бірінің екіншісі жөніндегі қарапайым тұрмыстық психологияға тән тағайымдаулары жинақтала берді. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір төжірибесі негізінде токтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын  құрады. Осы біршама біліктер өр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізді. осы өмір төжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады.

І Тарау.   Ойлау жөнінде түсінік

Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған заттың ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, өлсм мен мөңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымында ойлау — бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдьщ әрекеті. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі. Мысалы, айна сыртында ілулі тұрған термометрге қарап, күннің суықтығын байқаймыз.

Түйсік пен қабылдау құбылыстардың жеке тараптарының әр мезгілдегі кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауда сол түйсіктер мен қабыддау деректері топтастырылады, салыстырылады, олардың арасындағы қатынастар ашылып, ажыратылады. Ссзімдік негізде танылған заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне сүйене отырьш, ойлау арқылы заттардың тікелей көрінбеген, тереңдегі жаңа қырлары мсн сырларын топшылайды. Сонымсн, ойлау қоршаған дүниенің мәнін жалпылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыс-тар мен қатынастар негізінде тануға мүмкіндік береді.

Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу — ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты терендей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрініп қоймайды. Шынында да, біздің қабылдаудағы танитыньшыз дербес элементтердің жай қосындысы емес, осы деңгейдің өзінде де болмыс қасиеттері мен заттары өзара қатынасты бірлікте болып, ойлаудың дүниетанымдық қызметіне арқау болады. Бірақ қабылдауда заттар мен құбылыстардың қасиеттері біздің санамызға жеке-дара, кейде мөнсіз, кездейсоқ белгілерімен келіп түсуі мүмкін. Осыдан, ойлаудың міндеті кездейсоқ сәйкестіктерден ажыратып, нақты заңдылықтарға негізделген менді, қажстті байланыстарды таньш, аша білу.

Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға өтеді. Кеңістік пен уақыт аймағында шектелген, жеке-дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мон кездейсоқ жағдайлардьң өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың қызметі осы мәнді байланыстарды ашумен, оларды қорытындылап, жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желісі. Сондықтан да ойлау жанама байланыстар мен қатынастарға негізделген объекгив шындықтың қорытындысы.

Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмен тығыз байланысқан. Адам болмысқа өсер жасау арқылы оны түсінеді, дүниені өзгерте, қайта жасай отырып, оның мән-жайын тереңдей айырады. Осыдан ойлау әрекетпен немесе өрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейді, әрекет ойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған жерде ойлау процесі де жоқ. Іс-тәжірибе, қимыл-өрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдігінің негізі де, ақырғы нәтижесі де; жалпы іс-тәжірибеге төуелділігін сақтаумен, теориялық ойлау өзінің алғашқы әрі жеке, кездейсоқ практикалық жағдайларға бағыныштылыгынан құтылады. Қорытынды түсінім мен жалпы шешімге келтіре алу мүмкіндігінен ойлаудың басқа психикалық процестерден өзгешелігі айтарлықтай. Бір мәселе бойынша қабьшданған қорытынды нәтижесін тапқан жалғыз-ақ проблемаға тиісті орындалмай, бүкіл сол тақылетті көптеген сұрақтарға жауап болған — теориялық шешім ретінде қабылданады. Жеке дерекке орай қабылданған ой, енді бір сұрақ аймағынан шығып, қорытындылық маңызға ие болумен, теорияға не теорияның құрамды бір бөлігіне айналады. Ойлау процесінде қандай да бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпыланған түрде мәселе шешімдерінін принциптері айқындалып, практиканың болашақта кезігетін міндеттерінің орындалу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жоспар түзіледі. Осыдан, ойлауға байланысты адам практикаға жол көрсететін, әрекетке жетекші болған теорияға қол жеткізеді, объектив шындықты танытатын диалектика жолын ашады. Әрекет негізінде дамып, ойлау, ақырында, іс-қимылды ұйымдастыруға жәнс оған басшылық етуге себін тигізді.

 

1.1  Ойлау жөніндегі теориялар

Ойлау проблемасы көп дәуіргс дейін психология саласы болудан гөрі, философия мен логика нысаны болып келді. Сондақтан да ойлау процесін зерттеуде ғылым бағыттары арасындағы күрес бірде толастамаған. Ойлау жөніндегі алғашқы бағыт классикальгқ сенсуализм тұжырымын негізге алып, алғаш сезімдік танымда болмаған дүние санада бейнеленуі мүмкін ,емес деген шешімді уағыздады. Алайда бүл теориялық тоқтам көбіне ойлауды ес, елес бейнелерінің бірлігі немесе ассоциация нәтижелері деп үстірт түсіндіреді. Бұлай топшылаудан өнімді де белсенді процесс ретінде танылмаған ойлау өз алдына дербес, процестік сипатынан айрылып, жақын кезеңдерге дейін ғылымда арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалды.

Қарама-қарсы бағытты үстанған идеалист философтар ойлауды адам рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жіктелмейтін процесс формасы деп таныды. Біздің заманымызда ойлауды рухтың символдық бедсенділігінің керінісі ретінде тану неоканттық философияға негіз болып отыр. Ойлау — психикалық іс-өрекеттің ерекше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбурггық ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта өз тұжырымдарын эксперименталды дәлелдеуге ұмтылған XX ғасыр басындағы неміс психологтары (О. Кюлье, А. Мессер, К. Бюлер, Н. Ах) ойлауды одан әрі бөлшектенбес сана қызметі деп білді; оны сезімдік негіз бен сөздік орнектен болектеді, оны таза рухқа теліп, бұл мәселеде идеалистік тарапқа қолдау берді.

Сонымен ойлаудың ғылыми шешімі табылмай, бұл жөніндегі проблема тығырыққа тірслді. Енді жантану ғылымы алдында бұл күбылысты матсриалистік түрғыдан түсін-діруден баскд жол қалмады. Мұндай түсінімнің мәні келесідей еді: ойлау — өз тамыры мен тарихына ие, заттасқан Іс-әрекет формаларын сипаттайтын тарихи қалыптасқан құрал-жабдықтарға сүйенеді жене тілдік жүйені негізгі құрал ретінде пайдаланады. Бұл міндеттерді атқару үшін шынайы ғылым ойлауды «рух көрінісіне» теңдестірмей, оны қоғамдық тарих желісінде қалыптасып, алғашқыда затпен тікелей байланысқан әрекет ретінде орындалатын, мәндік байланысқан және арақатынастағы тіл жүйесін пайдаланатын процесс, ал кейін ішкі «ақыл-ой қызметіне» айналып, қысқартылган формаға келетін сана әрекеті деп тануы қажет болды.

Адамның ойлау қызметі үшін сезіндік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы — сөзді-логикалы ой. Тек қана осы ой формасында адам тілдік таңбаларды қолданумен күрделі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді, түсініктер қалыптастырып, қорытынды жасаумен күрделі теориялық мәселелерді шешеді. Адамның ойлау қызметі, қандай да формада орындалмасын, тіл қатысынсыз жүзеге келмейді. Ойлау процесі жануарларға да тән, бірақ олардың ой жүйесі көрнекілікке құрылып, белгілі мезетте көз алдында тұрған нақты заттармен ғана байланысты. Ал адам өз ойы арқылы танылуы тиіс нысаннан тікелей байланысын үзіп, оның қасиеттері мен сипаттарын тілдік белгілермен өрнектеп, тындаушыға жеткізе алады. Сонымен, ғьшыми психология үшін сөз тек тіддесу қажетін орындап қана қоймастан, негізгі ойлау құралы да болып есептеледі.

Бірақ ойлау мен сөздің ажыралмас байланысынан ой мен сөзді бір нәрсе екен деп қарастыруға болмайды. Екеуінің төл табиғаты әрқандай. Мүның дөлелі: бір ойды әрқилы сөзбен өрнектеуіміз; қысылтаяңда білдірейін деген ойымыз-ды жеткізуге сөз таба алмай күйзелуіміз; кейде көп сөйлеп, бірде-бір ойды жеткізе алмауымыз, т.с.с.

 

1.2 Ойлау   формалары

Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. ¥ғым дегеніміз — зат немесе құбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасисттерін бейнелейтін ой.

Ұғым — заттың бейнесі елестен ерекше. Мысалы, өзіміз тұратын үй жөніндегі түсіиігімізде біз нақ сол үйді барлық ерекшеліктерімен (жаңа, қызыл кірпіштен, бес қабат) ойға келтіреміз. Ал: «Үй-адамның баспанасы» деп ойлайтын болсақ, біз белгілі бір үйді айтпай, кез келген үй, баспана жөнінде қорытылған ұғымды пайдаланамыз. Сондықтан ұғым елестен гөрі кеңірек келеді. Көрнекі бейнеде көз алдымызға елестете алмайтындарымызды ұғым жәрдемімен өренектейміз. Мысалы, біз мың бұрышы бар геометриялық фигураны ойша көре алмаймыз, бірақ «мың бұрыш» деген ұғым бар, біз практикада мұндай фигураның болуы мүмкін екендігін мойындаймыз.

Ұғымды сөзбен жеткізуге болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі тендес емес: 1) бір ұғымның өзін түрліше сөздермен айтуға болады («самолет», «аэроплан») 2) бір сөздің өзі кейде әр түрлі ұғымдарды білдіреді: «Ат» — есім, «Ат» — жануар. 3) бір ұғымның өзі әр тілдс «әрқандай» сөздермен беріледі (орысша-хлеб, қазақша-нан).

Заттар және құбылыстар олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы ойды біз пікір формасында білеміз, мысалы: «далада жаңбыр жауып тұр»: «оқушы есепті шешкен жоқ». Осыдан, пікір дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсе не мақұлданады, не теріске шығарылады. Пікірде, көбінесе, үғымның мазмүны ашылады: «Жантану — адамның писхологиялық өмірінің заңдылықтары туралы ғылым”. “Жантану” ұғымының мазмұны осы пікірден көрінеді.

Бір немесе бірнеше пікір негізінде нақты бір қорытынды жасалады. Мысалы, біз екі пікір айтсақ: «Құс-жануар», «Жануарлар оттегісіз өмір сүре алмайды». Бірінші және екінші пікірлерге сүйене отырып, біз үшінші пікір айтамыз: демек -«Құстар оттегісіз өмір сүре алмайды».

Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы — ой қорытындылары деп аталады. Ой қорытындыларының мысалы ретінде геометриялық теорема дәлелдерін алуға болады.

Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту.

Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз — жалпы ережеден жеке қорытынды жасау.

Қорытынды пікірге келудің екі түрі де — адамның айналадағы дүние туралы білімін кеңейтуге көмектеседі.

Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логякалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен зандары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудын ерекшелігі — қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары катесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтышы пікірлерде көрсетіледі.

                      ІІ тарау. Ой қызметтері

          Ой ерекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін орывдайды. Бұл нақты қызметтер өзара байланысқан, бірі-біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілері: талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және корытындылау.

Талдау — бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадан талдау — әрқандай затты практикалық қажетікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы, балаларды қандайда өсімдікпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Талдау тәжірибелік (ойлау — сейлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой операцияларына үштаспаса онда ол қате, механистік сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі: бала ойыншығын тез бұзуға ғана шебер, оны құрастыру, бөлшектерін салыстырып, қандайда қоры-тынды шғару — сәбидің ойына да келмейді.

Біріктіру — бұл әрқилы белшектер, қасиеттер мен әрекет-қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау едістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Әрдайым біріктіру бөліктердің қарадүрсін жиынтығын не қосындысын анқаттайды. Мысалы, автокөліктің жүздеген бөлшектерін құрастырғандағы. мақсат металл үйіндісін шығару емес, пайдалы әрекетке келетін машина тұрғызу. Оттегі мен сутегін синтездей отырып жаңа сападағы зат — су алатынымыз баршаға мәлім. Ой процесіндегі талдау мен біріктіру ерекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие. Бала жекелеп талдаумен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан — сөз, сөзден — сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп – мәтін мазмұнын шығарады.

Талдау мен біріктіру ажыралмас бірлікте жүріп жатады. Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ие болған зат қана талдануы мумкін. Біріктіру де талдауға негізделеді: қандай да бөліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін, осы бөліктердің өзін және олардың белгілерін талдаудан танимыз. Ойлау барысында талдау мен біріктіру бірін-бірі ауыстырып, кезекпен алғы шепке шығып тұрады. Талдаудың не біріктірудің ойлау кезінде көбірек қажет болуы материал сипаты мен орындалатын жұмыстың шарттарына, сондай-ақ адамның ақыл-ой қабілетіне төуелді.

Салыстыру — бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой өрекеті. Күнделікті тұрмыстық салыстырулар бір затты екіншісіне беттестіру арқылы жеңіл-ақ орындалады. Кеңістіктегі өлшеу мен салмақты таразылау да осы салыстырудың керінісі. Салыстыру түрлері келесідей: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша, толық болмаған); 2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт және теревдей; 4) тікелей және жанама.

Салыстыру белгілі бір байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс-түр, салмақ, үзындық немесе уақыт). Іс-әрекетті терең әрі дәл тану үшін аса қажет ойлау қасиеті — бұл ұқсас әртүрлі заттардың айырмашылығын, өзара белек заттардың — ортақ, ұқсас тараптарын сезіне білу.

Дерексіздендіру — бұл зерттеліп жатқан нысанның қандайда бір белгісін бөліп алып, қалғандарын елемеу. Мысалы, біз көзге жағымды әсер еткен жасыл түсті ғана назарға ала отырып, ол түстес заттардың езіне мән бере бермейміз. Бұл процестегі нысаннан бөліп қаралған түр-түс белгі затгың басқа қасиеттерінен оқшау қарастырылып, ойлаудың дербес элементіне айналады. Дерексіздену, яғни бір сапаның заттық негізінен бөлініп қаралуы талдау нәтижесінде жүзеге келеді. Дәл осы дерексіздендіру арқылы ұзындық, ендік, сандық, теңдік және қүндылық т.б. түсініктері қалып-тасқан. Дерексіздендіру — танылуға қажет нәрсенің ерекшелігі және оны зерттеуде қойылған мақсатқа тәуелді күрделі процесс. Аталған ойлау қызметінің жәрдемімен адам жалқы әрі нақты заттың шеңберінде қалып қоймай, көп заттарға ортақ жалпы ұғым пайда етуге мүмкіндік алады. Сонымеы бірге абстракция сезімдік ақпаратқа негізделеді, түйсіктерден келген әсерлер болмаса, абстракт ой мазмұнынан жүрдай болып, мәнсіз баянның көзіне айналады. Дерексіздендіру түрлерінің арасында — тікелей іс-әрекетке косылған тәжірибелік, ссзімдік немесе сыртқы түсініктермен берілген ең жоғары, жанама абстракциялауды беліп карастыруға болады.

Нактылау — ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Адам әрдайым нақтылауды айтылған пікір басқаларға түсініксіз болса, жалпыланған қасиет, белгіні бір нәрсенің мысалында дәлелдеу қажеттігі туындағанда пайдаланады.

Қорыту — заттар мен құбылыстарды ортақ және мәңді белгілеріне орай ойда біріктіру. Мысалы, алма, алмұрт, өрік және т.б. ұқсастықтан олардың бәрін бір «жеміс» деген түсінікпен арнайы топтық категорияға қосамыз. Ой әрекеті қандай да нәтиже топшылауға бағышталады. Мысалы, психолог адамдарды олардың даму барысыңцағы жалпы, ортақ заңдылықтарды ашу үшін зерттейді. Бірқатар заттардағы белгілі қасиеттер тобының әрбір жеке заттарда қайталанып келуі, олар арасында қандайда маңызды байланыстың барлығынан хабардар етеді. Солайда болса, қорытындылауда заттардың ерекше, жалқылық белгілерін шектемей, оларды мәнді, жалпыланған байланыстарды ашуға пайдалану қажет.

Қарапайым қорытындылау нысанның жеке-дара, кездейсоқ белгілеріие негізделеді. Объектінің әртүрлі тараптары бойынша жан-жақты қорытындылануы біраз күрделірек. Ең күрделі қорытынды тек және түр белгілерінің нақты ажыратылып, затгың белгілі бір түсініктер жүйесіне келтірілуімен байланысты.

Аталған ой іс-әрекеттері өзара байланыссыз, дербес іске аспайды. Бұлардың негізінде жоғары деңгейдегі топтастыру, жүйелестіру қызметтері жатыр. Әрбір ойлау әрекеті өзінс сәйкес ақыл қызметіне арқау болады да адам ойының белсенділік, әрекетшең, шығармашьшық жаңғырту қабілетінің сипатын баса танытады. Адамның ойлау жұмысы әрқилы мезеттік қимыл-әрекеттерді қамтып, түрлі деңгей, формаларда іске асып, ойлау түрлерінің сан-алуандығынан хабар береді.

 

2.1  Ой әрекеті түрлері

Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.

  1. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері —
    дискурсивтік: өз  кезең,   кезегімен  әрістей дамыған  ойлау
    процесі; интуитивтік: желісі қаркынды, кезеңдері нактылан-
    баған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.
  2. Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастыгы мен
    жаңалығына орай ойлау шығармашыл  (өнімді)  және  қайта
    жаңғыртушы (қайта жасаушы)  болады.  Шығармашыл ойлау
    жаңа идеяларды туындауға бағытталады, оның нәтижесінде
    қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі
    табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге
    келеді.    Шығармашыл    ойлау    барысында    танымдық    іс-
    әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық; 2) нақты тұлға ой-өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашьш ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: 1) шектен тыс сыншылдық; 2) шешім іздеудегі асығыстық; 3) ішкі шек қоюшылық (цензура);

4)   регидшілдік   (ескі   білімдерді   қолдануға   әуесқойлық);

5) конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туьшдаған
тар-тыншақтық). Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығарма-
шылдықтан  айырмашылығы-дайын  білімдермен  ептілік-
терді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.

  1. Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әркеті теориялык және тәжірибелік болып бөлінеді. Психологияда көп уақыттарға дейін нысандардың заңдылықтары мен қасиеттерін ашуға арналған ойдың теориялық қыры ғана ескеріліп, зерттеліл келді. Теориялық ақыл~ой әркеттері іске асырьшуы тиіс практикалық іс-әрекеттердің бастауы, негізі деп түсіндірілді. Әрқандай теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі тума біткен деп сипатталды. Осының нәтижесінде бір-біріне тікелей қарсы екі ой әркеті жөнінде көзқарас бекіді:

1)  әрқандай   ақылдың   қатысынсыз   орындалатын   ерекет;

2) теориялық ойлау негізінде жүзеге келетін әрекет.

Және бір жағынан, практикалық ойлау объектив құбылыс деп қаралғанның өзінде де, ол сезімдік қимыл деңгейіндегі ой жұмысы сипатында ескерілді, соңдықтан да тәжірибелік ақыл жұмысы қабылдау құбылысынан бөліктенбей, тікелей затпен байланысқан қимылдарға теңгерілді. Алайда, өмірде тек «теоретиктер» ғана ой толғап қоймайды. Тәжірибелік ойлау — бұл сәби ойының бастау формасы емес, ересек адамның пісіп жетілген ойлау қабілеті (Б. М. Теплов). Шынында да, күнделікті тұрмысымызда терең ой толғау-ларын қажет ететін кейбір күрделі қызметтер туындайтыны бәрімізге аян. Тәжірибелік ойлау мақсат белгілеумен, жоспар, жоба түзумен байланысты, кей кезде ойластыруға уақыт жетпей, ой жұмысымыз  күрделене тусіп, басымыз шыр болатынын байқап жүрміз. Бұның бәрі «теориялық ойдың» дөлелі емес пе? Практиктің болжастыра (гипотеза) жұмыс қылу мүмкіндігі шектелген, оның дұрыстығын тексеріп отырута өмір ағымы күтпейді. Адам ақылының ең жоғары деңгейіндегі көрінісін ұлы жасампаз практиктер Абылайхан мен Бауыржан Момышұлы және дана теоретиктер әл-Фараби, мен     Қаныш     Сәтпаевтардың     кызметтерінен     терендей байқаймыз.

  1. Ойлау     түрлерін          классификациялауға        байлаыысты

Психологаяда   кең   тараған   бағыттардың       бірі — шешілуі   тиіс

болған      мәселенің       мазмұнын     негізге    алу,    осыдан       ойлау:

1) затты-әрекеттік;                   2) көрнекі-бейнелі;             3) сөзді-логакалы болып түрленеді. Затты-әрекеттік    ойлаудың    көрініс     сипаты:         қалыптасқан    жағдайды     жаңалай     өзгертудегі    ой    ісі  белгілі  затқа тікелей бағытталған   нақты    әрекетпен    бірге    жүреді,   Бұл   ой формасы    3 жасқа    дейінгі   сәбилерге   тән.     Бұл   кезенде бала заттарды    бірін  біріне    беттестіре    салыстырады;       ойыншығын бөлек-бөлек        сындыра,      бұзып        талдайды;    таяқшалары    мен кубиктерін    бір   ортаға   үйіп,    біріктіреді;   ойыншықтарын   түр-түсіне   орай    қосып,     қорытыңдылайды.    Бұл   ойлау формасы ересектер  тәжірибесінде     де    көптеп     кездеседі.   Мысалы,    үй жиһаздарын       ауыстырғанда;       бұрыннан        таныс        болмаған механизмдермен      жұмыс     істеген      сынаушылар мен конструкторлар қызметінде,  яғаи нәтижесі   әлі   күңгірт        болған    әрекеттерді орындау барысында қолданымын табады.

Көрнекі-бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі жан-жақты керініс береді, Бұл тұрғыдан көрнекті-бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді.

Қарапайым формада көрнекі-бейнелі ойлау 4-7 жастағы балаларға тән. Бұл кезенде таным тікелей әрекетпен емес, дейділеген нысанды қабылдап, көрнекі-бейнесін еске, көз алдына келтірумен байланысты. Баланың дәлелдеулері тікелей заттың әзіне негізделген қандайда ой жүргізуден бұрын сол заттың бейнесін есіне тусіреді, орындайтын ісі мен оның нәтижесін суреттеп, болжайды. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы өзі жоқ не көрінбейтін заттың кескін бедері тұрғызылады. Осындай жолмен ғьшымда атом адросының схема сызбасы, жер шарының ішкі құрылымы танылған.

Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезендерінде пайда болған. Сөзді-логикалы ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логакалық құрылымдарды пайдаланады (мысалы, қүн, адалдық, мақта-ныш т.с.с.). Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді.

Сонымен бірге ескеретін жайт, ойлау қаншама дерек-сізденгенімен, ол көрнекі-сезімдік тәжірибеден бөлектенбейді. Әр адамдағы абстракт түсінік өзінің сезімдік бастауына ие, сонымен де ол нақты шындықпен байланысын үзбейді.

Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланысқан. Қандай да тәжірибелік іске кірісу алдын біз оның нәтижелік бейнесін көз алдымызға келтіреміз, яғни болашақ істі теориялық болжастырамыз.

 

                                         2.2. Ойлау және жеке адам

Әр адамда оның ақыл-қабілетіне орай өзіндік ойлау ерекшелігі болады. Осы ерекшеліктен әр тұлғаның ақыл сапасы көрінеді. «Ақыл» түсінігінің ауқымы «ойлау» түсінігінен кеңірек келеді, себебі «ақылдылық» интеллект сияқты тек ойлау қабілетінен көрінбей, басқа да таным процестерінің тұтастай желісінен байқалады. Кей адамдар ойлауда көрнекі-бейнелерді көбірек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдарды негізіне алып, ой жүгіртеді. Ой өрекетінің ерекшелігі сондай-ақ адам көңіл-күйімен де, оның топтаған білімдері мен еңбек, тұрмыс тәжірибесіне де, өзінде қалыптастырған ойлау әдістеріне де тәуелді келеді.

Ойлау процесінің жеке кезендерін қарастыра отырып, әркандай ой әрекетінің міндет, мақсат белгілеу, яғни бастапқы кезендегі ойлаудың жеке, дара ерекшелігі адамның дербестігі мен белсенділігінен көрінетінін байқаймыз. Тұлғаның ойлау дербестігі оның жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше білуінде, ал бұл қабілет өз кезеңінде ойлаудың белсенділігімен, яғни кезіккен міндеттер мен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен құралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мұндай ерекшелігі, әсіресе, мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылыш басым болған 3-4 жастағы сәбилер үлкендерге «неге олай?», «неге бұлай?» деген сұрақтарды жиі қояды.

Мәселе шешуге орай құбылыстар байланысын (ассциацкя) іздестіріп, болжам (гипотеза) жасауда ойлау қасиетінің ауқымдығы, яғни қойылған проблсманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптен қамтып, өткенді, қазіргі мен болашақ жағдайларды ұштастыра пайдалана білу үлкен мәнге ие. Мұндай адамдарды көбіне «өрісі кең» деп сипаттаймыз.

Әрқандай шешім сындарлы ойға түсіп, жұрттың айтқанын не өз топшылауынды жалаң құптай салмай, терең сын талдауына келтіріп,  «қарсы» тараптарын таразылағанды талап етеді. Сындарлы ақыл сипаты адамның объектив жағдайлар мен өз іс-әрекетіне орынды баға беру қабілетінен, нақты бағыт ұсын, алға тартылған болшамдарды жан-жақты өлшестіріп, оларды тексеру нетижелерін объектив бағалай алуынан келіп шығады. Сындарлы ой дамуының негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде.

Шешім қорытындысын тексеру барысында және оның нәтижелерін практикаға ендіруде ойлау икемділігі үлкен маңызға ие. Ой икемділігі әрқандай субъекттің қандай да мәселе бойынша қатып қалған көрсетпелер мен бұрыннан қалыптасқан әдістердің құрсауында қалып қоймай, жағдайлар өзгерісіне орай жылдам да жаңа шешімдерге келе алуын көрсетеді. Бұрыннан қабылданған ойлау жөне әрекет стереотиптерінен (қайталанып тұратын өрекет-ернек) құтылу өте күрделі, салмақ түсіретін, қажетті ойластыруды талап ететін процесс. Бұл адамды ой еркіндігіне, жаңашыл ойлауға арнайы тәрбиелеуді керек етеді.

Ойлаудың жске дара ерекшеліктерін әңгімелсй отырып, келесі жәйтті естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзі емес, адам, біртұтас тұлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам дедгейінде қалып жатқаныньщ куәсіміз, сондықтан әрқандай ұшқыр ойдың жасампаз, белсснді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз дарынды қызметін пайдалы, өнімді еңбек әрекстіне жұмсағаны жөн.

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар. Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойыньң кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық жүйелілігі, сыншылдығы т. б. сапаларымен ажыратылады.

Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, ұйреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Ой-өрісінің кеңдігіне қарама-қарсы қасиет ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шырқ айналдырады да жүреді. Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да, басқаша пікірмен келуге батылы жетпейді. Мұндай адам ой әрекетін өз қажетіне жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың езінде-ақ ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген. Мәселен, «Ой ойласаң тек ойла, тең ойласаң, кең ойла» деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындығы айтылған.

Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді. Бұған қарама-қарсы қасиет — ойдың асығыстық түрі. Мүндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді.

«Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мұндай адам алдындағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл нағыз творчестволық ойдың иесі. Кейбіреулер бұған қарама-қарсы өз бетімен ештеңе айта алмай, көбінесе, басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді. Абай осындай адамның психологиясын тамаша көрсеткен:

 

 

 

«Басында ми жоқ,                        Көп айтса көнді,

Өзінде ой жоқ                             Жүрта айтса болды

Күлкілшіл кердең наданның.         Әдеті надан адамның»65.

 

Жеке адамның білім көлемі, өмір тәжірибесі, оның айналасындағылар, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері т. б. осы секілді ақыл-ойдың дара ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болатын факторлардың бір тобы.

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға тоқталғанда В. И. Лениннің адамның ақыл-ойы қандай болуы керек екендігі және қандай адамды ақылды деп айтуға болатындығы жөнінде айтқан мына бір пікірлерін ескермеске болмайды: «Ақылды адам — дегеніміз қателеспейтін адам емес. Ондай адамдар жоқ, болуы да мүмкін емес. Ақылды адам дегеніміз пәлендей мәнді емес қателер жіберіп, ол қателерді оңай, тез түзете білетін адам.

 

Ойлау мәдениеті. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған иод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бір бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.

Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан өтеді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы — бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші рөль атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отыратындығы өткен параграфтарда айтылды. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына төмендегілер:

  1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық, ма-тематикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мүғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық67 әдісті жиі пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып үйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.
  2. Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді (бұл жөнінде толығырақ мағлүмат оқулықтың келесі тарауында беріледі).
  3. Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай   алуына,   елестердің   тиянақты қалыптасуына мүғалім айрықша қамқорлық    жасамаса болмайды.
  4. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
  5. Оқушылардың өз беттерінше    жасаған ой опера-цияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқыштық пен зеректік)   ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жаздыру — бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
  6. Ойлауды тербиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен, қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы, ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты      етіп      тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.

Қортынды

Елімізде туындаған объектив жағдайларға байланысты жоғары оқу орындарындағы кітап тапшылығын басынан кешпеген бірде де бір студент не оқытушы жоқ шығар. Әсіресе қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспеуі оқу процесіне үлкен қиындық келтіруде. Осы орайда С.Бабаевтың ұсынып отырған «Жантану негіздері» атты дәріс -баяңдар жинағы құптарлық іс.

Көп жылғы оқытушылық төжірибесі негізіңце құрастырылған бұл дөрісбаяндар тобы жоғары мектептегі психология курсына байланысты кең де, әрі көлемді теориялық байыпты, практикалық ұтымды ғылыми деректер мен тұжырымдарды қамтыған. Оқу құралында жоғары мектеп студенттері мен оқытушыларына, жалпы білім мекемелерінің мүғалім, қызметкерлеріне қажетті негізгі психологиялық білімдер толық баяндалған.

Оқу құралында психологияның жалпы мәселелері, психикалық процестер, қалыптар мен қасиетгер жөніндегі түсініктер жан-жақты ашылған, оларға байланысты осы заманғы теориялар мүмкіндігінше кеңінен келтіріліп, проблешлардың даму тарихы нақты суреттелген.

Нарықтық экономика заманындағы қоғам мүшесін тербиелеуге орай адамаралық қатынастар психологиясына, жеке адамның психологаялық қорғаныс, мінез, қабілет қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылған. Осыдан кітаппен таныс болған әрбір оқырман ең алдымен өз психологиялық болмысын танып, өзін-өзі психологаялық төрбиелеудің қырлары мен сырларын үйренетіні көміл.

Дайындалған оқу құралының және бір құнды тарапы — әр дәрісбаян мәтіні сабақтар барысында қажет болатын әдістік көрсетпе, нүсқауларымен жабдықталған: дәрісбаяндардың барлығы бағдарлама мазмұнынан хабар беретін жоспардан басталады, соңынан нақты проблемаға байланысты қайталау жене бекіту сұрақтары, семинар дайындығына бағыт-бағдар, өзіндік ғылыми  ізденіс тақырыптары мен едебиеттердің ауқымды тізімі келтірілген, яғни студент пен пән оқытушысы жүргізетін оқу жұмыстарының тиімділігін арттырып бару үшін барлық жағдай жасалған.

               Еңбек бір оқытушының төжірибесінен, сондықтан да мұнда кейбір олқылық, кемшілікгердің болуы орынды құбылыс, олардың барлығы жұмыс барысында түзетілуі қиын емес, кейінгі авторлар да бұларды көре біліп, әрі қарай іздеп жалғастыра түсер деген үмітіміз.

Қорытындыласақ, С.Бабаев ұсынып отырған «Жан-тану негіздері» дөрісбаяндар жинағын ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік тұрғыда келелі дайындалған, қазақ тілін де алғашқы рет жазылған өте керекті оқу құралы деп таныған жөн. еңбекті басылымнан өткізіп, жоғары оқу орындарының студентгері мен мамандарының қолына жеткізгенді мақұл деп білеміз.

Ойлау процесінің жеке кезендерін қарастыра отырып, әркандай ой әрекетінің міндет, мақсат белгілеу, яғни бастапқы кезендегі ойлаудың жеке, дара ерекшелігі адамның дербестігі мен белсенділігінен көрінетінін байқаймыз. Тұлғаның ойлау дербестігі оның жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше білуінде, ал бұл қабілет өз кезеңінде ойлаудың белсенділігімен, яғни кезіккен міндеттер мен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен құралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мұндай ерекшелігі, әсіресе, мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылыш басым болған 3-4 жастағы сәбилер үлкендерге «неге олай?», «неге бұлай?» деген сұрақтарды жиі қояды.

Ойлаудың жске дара ерекшеліктерін әңгімелсй отырып, келесі жәйтті естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзі емес, адам, біртұтас тұлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам дедгейінде қалып жатқаныньщ куәсіміз, сондықтан әрқандай ұшқыр ойдың жасампаз, белсснді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз дарынды қызметін пайдалы, өнімді еңбек әрекстіне жұмсағаны жөн.

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға тоқталғанда В. И. Лениннің адамның ақыл-ойы қандай болуы керек екендігі және қандай адамды ақылды деп айтуға болатындығы жөнінде айтқан мына бір пікірлерін ескермеске болмайды: «Ақылды адам — дегеніміз қателеспейтін адам емес. Ондай адамдар жоқ, болуы да мүмкін емес. Ақылды адам дегеніміз пәлендей мәнді емес қателер жіберіп, ол қателерді оңай, тез түзете білетін адам.

                                      Әдебиеттер тізімі.

  1. Бап-бала С. Б. Жантану негіздері.- Алматы, 2001, 313 б. [1. 15.3]
  2. Перухов В. В. Психология мышления. М. 1987 (5-88 беттер )
  3. Боно Э. О нешаблонности мйшления. М. 1976 (11-33, 63-101 беттер).
  4. Вертгеймер М. Продуктиное мйшление. М. 1987 (5-26, 269-298 беттер).
  5. Выготский Л. С. Собрание сочинений. Т. З.   М. 1983 (254-273 беттер).
  6. Тихомиров О. К. Писхология мышления. М. 1984 (7-10, 211-213 беттер).
  7. Беспалов Б. М. Действние. Психологические механизмы визуального мышления. М. 1984 (73-182 беттер).
  8. Васильев И. А. и др. Эмоции и мышление. М. 1980 (20-70 беттер).
  9. Гончаров В. С. Типы мышления и учебная деятель-ность. Свердловск 1988 (14-38 беттер).
  • Колу М. и др. Култура и мышление. М. 1977 (124-152, 174-208 беттер).
  • Ушакова Т. Н. и др. Речь человека в мышлении. М. 1984 (34-106 беттер).
  • Г. Метербаева «Тіл мен сөйлеу» // «Ұлағат» // N 6, Алматы 2000ж.
  • Г. Адуллина // «Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету» «Бастауыш мектеп» // N 11, Алматы 2005ж.
  • С. Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы 2005ж.
  • Г. Төлегенова «Балаларды байланыстыра сөйлеуе үйрету» // «Отбасы және балабақша» // 3, Алматы 2002ж.