Ойлау туралы жалпы ұғым

0
22

Жоспар

І. Кіріспе

  1. Ойлау туралы жалпы ұғым.
  2. Ойлау формалары.
  3. Ой тәсілдері.

ІІ. Қорытынды бөлім.

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Ойлау туралы жалпы ұғым

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

            Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

            Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспаддағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлүматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері ете кең.

Адамның ойы өрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседу Ойлау мен сөйлеу бірдей,нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудік ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін қүрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.

Бала тілі шықпай тұрйй кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы тайыи Тіледі. Ойлаудың бұл түрі оның тайымын онша кеңіте аямайды; Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шёңбері кеңейетін болады.

            Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішіндегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) Тынық мұхит аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ дегеннін не екенін білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық (1964) сутегінде айтылған.

Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер балалар да, қыздар да қатты қызығып өздерінде. нерв қалың елдердің, киіндіріп, ұйықтатып ойлау бастаған; Бұған қарап қыз баладарда бңрлогиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті, ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал, бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды. Арал тұрғындары тұрмысының бір ерекшелігі де осындай еді, баланы күтіп-бағумен неғұрлым қолы бос еркектер айналысады екен.

Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижссі. Ойлау-заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге үмтылдыратын. —: оның қажеттері.

Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор^ Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шещуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Меселен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты түспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің иебір керіністерін байқауға  өркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюыі мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымыньщ тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ғылыми-техникалық прогресс «ойлайтын» машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды». Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті женінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдірігі отыруы тиіс. Машинаға төңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл —сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына тиіслі міндет қойып, оған программа беретін — адам. Осы міндетгі қоя білу үшін адаіега мол біл Мқаіе. Машинадан «ақыл» үйрейуге болмайдьі, онда «ақыли жоқ. ЕсептегіИі машинаньщ қүндылығы — адамның оны дүрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяньщ иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру — адамның алдында тұрған ең басты міндет. Сөйтіп, есептегіш машиналар қанша «ақылды» болғанымен адам ойлауына пара-пар келе алмайды, адам ойлауы, оның барлық психологиялық қасиеттері өз қасиеттерін мәңгі-бақи сақтап қалады.

Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінін, заңдылықтарын қарастырса, логика — бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.

Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау — ми қабышның күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақтатша «жүйке байланыстары жетекші рель атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес зандары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтйлы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.

Ой тәсілдері

            Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау — түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой аркылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез — бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі — бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл — анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен қүрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды  екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді. Анализ бен синтездің негізівде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады Салыстыруда:загтардың ұқсартық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күрделі түрі — абстракцы мен жалпылау.

Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.

Астракцяға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау  абстракциялық ұгамды соған сөйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды қүлын, тай, қүнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мүндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті қүрал — нақтылаудың түрлі формалары.

            Жалпылау дегеніміз бір текті затгардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмүрт т. б. үқсас белгілері жиналып келіп,. «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белфіерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені » қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың ) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы — дүниенің барған сайын неғүрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз».

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен қүбы-лыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі — классификация. Мәселен, жануарлар — типке, типтен — класқа, кластан — отрядқа, отрядтан — отбасыға, отбасыдан — текке, тектен — түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Осы айтылған ой тәсілі мал шаруашылығының қыры мен сырын жақсы білетін қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), түщы (қияқ, боз т. б.), қүрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйі үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б.. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқы отына — боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т. б. жатқызамыз. Малды сондай-ақ жасына, жынысына, жүрісіне бөлу де ойдың осы тәсіліне жатады. Мөселен, жылқыны басына орай: қүлын, жабағы, тай, қүнан, дөнен, бесті т.б, десек; ал жынысына қарай: байтал, бие, ат деп айтамыз. Сиыр малын: бұзау, баспақ, жынысына қарай тайөгіз (еркегі), қашар (үргашысы) т. б. деп бөледі.

Ойлау формалары

Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да түрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Үгым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мүғалім т. б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының үзақ процесінің нәтижесі қорытылады. «Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып түрады, бірі екіншісіне қүйылып отырады, мүнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады».

Ұғымдар дара жөне жалпы болып бөлінеді. Мәселен, «Шымкент қаласы», «Ғ. Мүратбаев» дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жүлдыз» т. б. жалпы угым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «жиналыс» (студенттер жиналысы), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, «Ана тілі» сабағында мүғалім үй жануарлары мен жабайы аңдар түралы түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен қатар, үқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада «жабайы аңдар», «үй жануарлары» дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру — науқандық жүмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-төрбие процесінің барысында үдайы жүргізілетін жүмыс. Мұнда оқушылардың оғаш ерекшелігі де ескеріледі. Мәселені екінші сынып оқудыларына сөз таптарын түсіндіргенде, мүғалім зат есімдердің септелуін олардың классификациясын, математика сабағында «бөлінгіш», «бөлгіш» сияқты ұғымдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне қарай ажыратқызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген ұғым — жалпылай алудың нөтижесі. Бастауыш сынып оқушылары құбылыстардың сырттай үқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға «күн», «өсімдік», «жануар» ұғымдарын түсіндіргенде, «күн жарқырайды» немесе «жылытады», «өсімдік өседі», «шөпті мал жейді», «сиыр — үй жануары», «ол сүт береді», «қүс үшады, сайрайды» т. б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мәселен, төменгі,сынып оқушылары китті көбінесе балық деп санайды. Өйткені киттің суда жүзетіндігі, сыртқы түрі балыққа үқсас екендігі рас. Мүғалім киттің ауамен дем алатынын, балаларын сүтпен қоректендіретінін айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір түріне жатады деп ойлайды.

Төртінші сыныптағылардың жалпылауларымен заттың ішкі мәнін, оның негізгі ерекшелігін, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады. Мәселен, олар су, ауа, металл т. б. денелердің қысым үлғаюшылық секілді жалпы белгілеріне қарап, бұларды «өлі табиғат» ұғымына, ал өсімдіктерді өсіп отыратындығына байланысты «тірі табиғат» ұғымына жатқызады.

Бір зерттеуде төменгі сынып оқушылары «қүс», «балық» ұғымдарының мәнді және мәнсіз белгілерін қалайша ажырата алатындығы тексерілген.

Оқушылардың заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін ажырата алуы сыныбы жоғарылаған сайын арта түсетінін, олардың зат туралы белгілі ұғымы бірте-бірте қалыптасып отыратындығын байқатады. Егер бірінші сынып оқушысы «қүс» ұғымының мәнді белгісін бар болғаны 26 пайызға көрсете алса, төртінші сыньш оқушысы 87 пайызға (түгелге жуық деуге болады) жеткізген, сөйтіп, төртінші сынып оқушысында «құс») ұғым  қалыптасқан деуге болады. «Құсы обалық» үгашдіа|йл балаға (бұрыннан-да таныс нәрселер. Сондықтанда оқушылар мүмкіндігінше (қай сынып оқушылары болсын) осы ұғымдардың негізгі, мәнді белгілерін білуге үмтылады. Таблицадағы цифрлар бойынша оқушыларда ұғымның мәнсіз белгісіне нақты көңіл белу біртіндеп азая түсетіндігін көрсетеді. Мөселен, төртінші сыныптағылар осы ұғымның мәнсіз, екінші қатардағы белгілерінен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртінші сыныптағылар заггардың жалпы белгілерімен қатар жеке белгілерін де жақсы ажырата алады. Осы сыныптағылар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда оның басты белгісі — жыртқыш аң екенін көрсетіп береді.

Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық, кеңістік пен уақыттық, функционалдық т. б.) бейнеленіп отырады. Мәселен, жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай үғады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың кеңістікке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі — үзындық екенін бірден ажыратпайды. Мәселен, «метр» ұғымын көбінесе «бұл сызғыш» деп заттың түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету) үштастырып отырған абзал. Мәселен, бала үзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен көріп, қолымен үстап, бұлардың белгілі түрқы бар екенін аңғарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөнГндегі ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір — бұл бір зат туралы мақүлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мөселен, «Астана — Қазақстан Республикасының орталығы десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал «Атом — заттың бөлінбейтін және өзгермейтін әрбір пікірде үш белім болады. Олар: бастауыш, баяэдауыш жөие бяйланыс.  Мәселен, жоғарыды келтіргне №10 – пікірде: «Аяматы»  яогакадвщ бастауыш. Қазақстан республикасының орталығы»: логикалық баяндауыш. Байланыс сөздер («деп», «дегеніміз»,»айтамыз т. б.) пікір де көбінеес айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты теіс тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің түрлері кеп. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар  бейнеленеді. Төменгі сынып оқушыларын дүрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың пікірлері келісімді болып келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мәселен, «Асан бүгін неге сабаққа келмей қалды?» деп мүғалім кезекшіден сүрайтын болса, «ауырып қалды» деп бірден жауап береді. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға талаптанады. Мәселен, сабаққа келмеген Асан жөнінде олар: «мүмкін ол ауырып қалған шығар», «не үйықтап қалған, болуы мүмкін», «сабағын оқымады ма екен, кім білсін?» деп түрлі жорамалдар жасайды. Бірақ олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат етпейді. Өйткені мүндай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бүған оқушыларда білім көлемінің өсуі және оның жүйелене түсуі үлкен себеп болады. Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана қоймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын болады. Математика сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру — олардың пікірлерін дамытады. Әрине, төменгі сынып оқушыларының пікірлері шындықтағы заттардың объективтік байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгілі. Мәселен, олардың «жылқы — жануар», «гүл-өсімдік» деген пікірлері негізінде дүрыс; болғанмен, осы үғымдардың мәнін жеткілікті көрсете алмайды.

(ойлаудың күрделі формаларының бірі — ой

қорытындылары). Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден зкаңа бір пікір шыгару тәсілі. Қорытынды шыгару ушін оны белгілі твртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрган кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, «Барлық дельфиндер — жануар», «Барлық металдар электр өткізеді» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.

Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі — дедукциялық, екіншісі — индукциялық, ал ушіншісі — аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

Индукция — жекеден жалпыга қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ, оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада «барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды!» деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады. Мәселен, Д.И.Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан. Анализ бен синтез операциялары бір-бірімен қандай тығыз байланысты болса, индукция мен дедукция да сондай байланыста болады.

Аналогия дегенімізүқсастық бойынша ой қоры-тындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, өсіресе, қүлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы үқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі рөль атқарады.

Ұғымдар мен пікірдердің біртіндеп қалыптасуы, соған сәйкес Шығармашылықтардың дамуына мүмкіндік туғшады. Өйткені, ойлаудың формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші, екінші сыныптағылар ой қорытындыларын тікелей байқауға сүйеніп жасайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушылары жеке құбылыстардың себеп-салдар байланыстарын байқай келіп, одан жалпы қорытындылар жасап отырады. Тәжірибе үстінде құбылыстарды тікелей байқап көру индукциялық ой қорытындыларын жасауға жағдай туғызса, жалпы заңдар, ережелер мен принциптерді меңгеру дедукциялық ой қорытындыларының пайда болуына қолайлы әсер етеді. Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынастарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады. Мәселен, ұрықтың ішінде дәні болатындықтан, помидорды да ұрық-түқымдас өсімдікке жатқызу оқушының дедукциялық ой қорытындысын жасай алатындығын жақсы дәлелдейді.

  Әдебиеттер тізімі

  1. Бап-бала С. Б. Жантану негіздері.- Алматы, 2001, 313 б. [1. 15.3]
  2. Перухов В. В. Психология мышления. М. 1987 (5-88 беттер )
  3. Боно Э. О нешаблонности мйшления. М. 1976 (11-33, 63-101 беттер).
  4. Вертгеймер М. Продуктиное мйшление. М. 1987 (5-26, 269-298 беттер).
  5. Выготский Л. С.  Собрание сочинений. Т. З.   М. 1983 (254-273 беттер).