Қазақстандағы сегіз колледж жабылды
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Қазақстандағы сегіз колледж лицензиясынан айырылып, қызметін толығымен тоқтатты, деп хабарлайды ORDA. сайты.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру мекемелерінің қызметін бақылау шеңберінде тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады.
Сонымен қатар, олардың кейбірінде талапкерлерді іріктеу болмаған. Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжі түлектеріне оқуды аяқтауға мүмкіндік берілді. Содан кейін олар өз еріктерімен лицензияларды қайтарды.
Жалпы, барлық жабылған колледждер студенттерді уақытында басқа оқу орындарына ауыстыруды қамтамасыз етті және оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешті.
ҚР БҒМ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін колледждерді анықтауға бағытталған бақылауды жалғастыратындығын атап өтті.