2021 жылы Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

0
17
Сурет: corne

Жаңа жылдағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны 18 миллион 877 мың адамға жетті.

Аталған сан 2020 жылмен салыстырғанда 245 мың адамға көп.

«Елдегі халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарына 18 миллион 877 мың болды, оның ішінде қалалықтар – 11 миллион 149 мың адам (59,1 пайыз), ауыл тұрғындары – 7 миллион 727 мың адам (40,9 пайыз)», – делінген хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, халық саны бір жыл ішінде 245 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен.

2020 жылы ең үлкен жалпы өсім елдің үш облысында тіркелді: Алматыда (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтанда (48,5 мың адам) және Шымкентте (38 мың адам).