Несиенің түрлері, функциялары және несиелеу принциптері
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Несиенің түрлері, функциялары және несиелеу принциптері
- Коммерциялық банктің несиелік саясаты және механизмі
- Қысқа мерзімді несеиелендіруді ұйымдастыру
- Несиелеу субъектілері мен объектілері
- Несиелеу әдістері
- Несиелік тәуекелді басқару
Тәжірибелік бөлім
- Депозиттік операциялар бойынша есептер шығару
- Несие қайтару графигін құрып есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіңе банктік қызмет көрсету механизмін құру банктер мен кәсіпорындардың қызметіңе жетекшілік етуде экономиқалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономиқалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің «сапасыз» (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың I тоқсаныңда несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің — 11,3%-ын құраса,-ал IV тоқсанда — 29,8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың I тоқсаныңда Ұлттық банктің коммерциялық банқтерге берген несиелерінің сомасы — 6,7%-ды құраса, IV тоқсанда — 17,8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілдік үлестіру — өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің. нашар несиелерден кұрылуына әкеліп соқтырады.
1993ж. Ұлттық банктен 7,5 млрд теңге сомасында орталықтандырылған несие берілді, 5,6 млрд теңгесі — үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн теңгеге немесе 3,9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылды. Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесідей банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетіңше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор — бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалакы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда, ал инфляция 1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіруі — мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтің банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орның жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғандардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.
Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекетгік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері ықпалын тигізді. Субсидиялық несиелер деп — кәсіпорындардың өздеріне тән шығындарының орның толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен бірге, кәсіпорынның дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететің шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 ж. IV тоқсаныңда 65% төмен) мөлшерлеме бойынша берілді. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемле-кетгік дотация арасындағы айырмашылықгы мүлде жойды. Бұл карыздарды кәсіпорындар өтемеді.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданады. 1992 ж. Ұлттық банктің бұндағы несиелерінің үлесі барлық қайта қаражыландырған несиелердің 70%-ын немесе барлық несиелік салымның 42%-ын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.
1993ж. мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетің орталықтандырылған несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен (3%, 25% және 65%) беріледі. Банктердің барық берген несиелерінің 7,5 млрд теңге жалпы сомасынан олардың үлесіне 76% тиді, себебі 1992ж. коммерциялық Уанктердің пайыздық мөлшерлемеге қойылатын шектеулер алынып тастағаннан кейін, Ұлттық банктің орталықтандырылған нссиелік ресурстарының есебінен банктерге беретің несиелері бойынша маржа 3% мөлшерінде сақталды. Нәтижесінде, орташа пайыздық мөлшерлеме орталықтандырылған несиелер жөнінен 1993 ж. жалпы республика бойынша 48,2% құрады. Сол жылы тұтыну бағаларының индексі 2269,8% деңгейде анықталды.
Ұлттық банк кәсіпорындар қарыздарының жаппай есеп айырысуын (клиринг) жүргізу кезінде қарыз-кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 ж. осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелердің 30%-зы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды. Дегенмен жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілгең несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық — қаржылық алып-сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджетіңің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілгсн несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 ж. 1 қаңтарында олар тиісінше 13,7 және 11%құраса, 1993 ж. 1 қаңтарда — 1,5 және 2%, ал 1993 ж. бюджеттік тапшылықты жабуға — 877 млн теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының — 11,8%-ын құрады.
Нәтижесінде несиелік жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі ұлғайды. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан ұлттық банктің ұтылғаны мен капиталды жоғалту сомасы өте жоғары болды. 1992 ж. Республикада басталған төлемсіздік дағдарысы кәсіпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер етті және әлі де әсер етуде. Көптеген кәсіпорындар өнім өндіруді төмендетуге, ал кейбіреулері өндірісті тіпті тоқтатуға мәжбүр болды. Есеп айырысуда тауарлар мен көрсетілген қызметтерге алдын ала төлем бартер қолданады.
1991 ж. 1 қаңтарда уақытында төленбеген есеп айырысу; құжаттары 5 млн теңге құраса, 1992 ж. 1 қаңтарына — 11,2 млн теңгені, ал 1992 ж. маусымында — 384 млн теңге нё» месе жалпы ұлттық өнімнің — 12,3 % немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасының — 84,1% құрады. 1993 ж. мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін немесе 60 есе жоғары өсті. Сөйтіп, банктердін қарыздары бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар 12,6 млн теңгеден 1,7 млрд теңгеге дейін немесе 135 есеге ұлғайды.
Мұндағы құбылыс көптеген себептермен түсіндіріледі: бірінші төлемдер жүйесінің тиімсіздігі және несиелік нарықтың мәселелері. Әсіресе, олар 1992 ж. басында Ұлттық банк кәсіпорындарға несие беруді шектей бастаған кезде пақда болды. Кәсіпорындар жөнелтілген тауарлары үшін басқа кәсіпорындардан төлемдерін ала алмауынан төлемдер жарты жылға немесе одан да көп уақытқа кешіктірілді. Жағдайы жақсы, төлем қабілеттілігі бар, тіпті төлем қабілетіңсіз кәсіпорындар да қауіпті жағдайларға ұшырады.
Несиелік нарықтың мәселелері қолма-қолсыз есеп айырысудың бұрынғы жүйесі және есеп айырысу құжаттары бойынша несиелеу жойылған кезде байқалды. Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін алушыларға жабдықтаудың келісімі мен жоспарына сәйкес жөнелтіп, олардың төлем қабілеттілігін тексермеді. Егер сатып алушының шотында ақша қаражаты болмаса, онда банк оған бірден несие беретің, бұл кезде төлемсіздік тәуекелі деген болмайтын. Бұл жүйені алып тастаған соң (кәсіпорындар несие төлеуге қабілетсіз болса, оларға банктер несие бермейтің болды) төлемсіздік дағдарысы орын алады; төлемдерді кешіктіру немесе бірқатар кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер үшін төлем төлей алмауы — төлемсіздік тізбегін туғызды.
Сонымен бірге, төлемдердің кешіктірілуі ескірген құралдар мен банктердің техниқалық жарақтарының артта қалуымен де (ескірген ЭЕМ және оларды ақпараттық қамтамасыз етулер торабы) байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысынан шығуда үлкен 3шараны жүзеге асырады: Біріншіден, басқа да өміршең кәсіпорындардың қарыз көлемін азайту мақсатында тиімді немесе өміршең кәсіпорындардың қарызын қайта қаржыландырды. ұлттық банк бұрынғы мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245,6 млн теңге несие берді. Екіншіден, үкімет жаңа төлем құралдарын енгізді. Мемлекеттік кәсіпорындарға чектер немесе төлем, тапсырма бойынша алдын ала төлеуді талап ететің төлем құралдарын пайдалануға рұқсат етілді. Үшіншіден, бұрынғы одақтас республиқалар республикааралық есеп айырысу банктерін қайта құру келісіміне келді. 1992 ж. соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорындарының қарыздарын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы 1992 ж. аяғында 80 млн. теңгені құраған.
Бұл шаралар төлемсіздік дағдарысына төтеп бере алмады, себебі бірқатар маңызды мәселелер шешілмей қалды. Кәсіпорындардың өзара қарыздар болуынан туындаған несиелік нарық пен төлем жүйесінің тиімсіздігі жойылған жоқ; мәселен, төлемдерді кешіктіру және кәсіпорындарда қаржылық тәртіптің болмауына қатысты мәселелер шешусіз қалды. Төлемсіздік дағдарысы 1992ж. соңында тағыда қайталанды, ол кезде үкімет қарызды жабуға тағы 600 млн теңге, ал 1993 жылы I тоқсанда мемлекеттік кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға 800 млн теңгеге жеңілдетілген пайыз мөлшерлемесінде (25% жылдық) несие белуге мәжбүр болды.
1993ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классиқалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтіңен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің қызметің атқару, жүйе қызметің реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіңе бейімделуі болатын
- НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Несие экономиқалық категория ретіңде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар кұрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілгені құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтің ретіңдегі мазмұнын білдіреді.
Экономиқалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларынан тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық фирмалық және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретіңде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарықка ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель – жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге кұкық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірак керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал- жабдығы бола алмайды.
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс пайызының және тауарларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын – төлемді кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есепппен 30%-ға жетеді, француз фирмаларын – 20-25%. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және карыз алушы ретіңде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі – тауарлардың ұдайы жеткізілуін талап ететің кәсіпорындардың экономиқалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің ролі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.
Батыстың экономиқалық әдебиеттерінде «коммерциялық несие» терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретің қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп тұрған капиталистердің бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К. Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист «бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады». Сондықтан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие шамасын төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қойылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретіңде анықтауға болады. Кейбір экономистер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарлардьг жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: карыз келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне косақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ен жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қыска мерзім ішінде жүзеғе асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетің тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндіғі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатының біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі кәсіпорындардың. Сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әруақтата жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банктс вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос к ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы ендірілуі тұрғысынан банктік қарыз капиталына (қарыз алушылар каражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдын көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақша бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және карыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышкер банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзкарасы тұрғысынан, бұл –ақша қарызы.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде «банктік емес» деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнің өзгертпейді (мысалы, ұлыбританиядағы кұрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен байланысты). Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар – несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет орғандары болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік опсрациялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономиқалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылды.
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік орғандар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің баска түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі — әр түрлі экономиқалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.
Кредитор ретіңде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйтқені көптеген кәсіпорынның косымша каражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек-сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға колдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несисге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының катынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және Францияда – 30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та – 60%-дан астам. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді – сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма-қол төлеу шартымен сатылады.
70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретің банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі – 36 ай.
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады. Бұл төлем карточкаларының көптеген түрлері бар. Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді яғни тауарды болашақта төлемін төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік орғандар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде тежейді. Банктер және каржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті таралады.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған. Бұл үшін тұтыну несиесіне жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі. Экономиканың «қызып кеткен», ақшаның инфляциялық құнсыздануы күшейуі жағдайында қарама-қарсы саясат жүргізіледі: қолма-қол төлемнің үлесі жоғарылайды, несиенің мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі.
КСРО-да тұтыну несиесі 60-70-жылдары дамыды. Несие, ұзақ қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1-2% жылдық мөлшерлемемен 6-24 айға берілді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үіпін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.
Ипотекалық несие –жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретіңде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы –мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде – бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық катынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар жәме қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономиқалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Халықаралық валюта қорымен 185,6 млн СДР (арнайы қарыз құқығы) сомасын «стенд-бай» несиесі шеңберінде келісімге қол қойылды. «Стенд-бай» – резервтік несие – кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар орындалған кезде (бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық реформалардың бағыттары бойынша ХВҚ-.мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр) ақшалай қаражаттардың белгілі бір сомасы келісілген уақыт аралығында несиеге берілетіні туралы келісім.
Келісімнің әрекет етуінің барлық кезені бойында ХВҚ миссиясымен «стенд-бай» бағдарламасының жүзеге асуының нәтижелеріне талдау жасалынды және кредитор займның кезекті траншын бөлу туралы шешім қабылданды.
Қысқа мерзімді бағдарламаның жетістікті орындалуы ХВҚ-ның 1996-1998 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік берді.
1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылы құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180 млн АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазакстанның экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38 млн АҚЩ доллары сомасында техникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге қол қойылды.
Еуропалық кайта құру және даму банкі «Қазакстанда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту» бағдарламасына 100 млн ЭКЮ сомасында несие бөлді. Бұл бағдарламаға экономиканың төмендегідей секторларындағы жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу, диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы жобалар.
Жапонияның экспорт-импорт банкі ХКДБ-мен қатар қоса қаржыландыруға заем бөлді.
Азиялық даму банкі мен Қазақстан Республикасы арасында 1994жылы 40 млн АҚШ доллары сомасында арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық займдарды пайдалануды екінші денгейдегі банктер де белсенді қолдануда.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіңде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
- мерзімдері бойынша: а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
ә)орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін), б) ұзақ мерзімді
(3-5 жылдан жоғары);
- несиелеу объектілері бойынша: а) негізгі қорларға берілетің
несие» ә) айналым қорларына берілетін несие;
- несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу;
ә)айналым бойынша несиелеу. Айналым бойынша сауда және
жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында
айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің
элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
- несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық
несиелер;
- экономиқалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда
операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық —
кез келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды етеуге,
бағалы қағаздарға инвестициялау);
- несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және
халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
- мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді.
Шетелдік әдебиеттерде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі.
Несиелердің категориялары:
а) Қарыз алушының типі бойынша:
- Тұтыну.
- Бөлшек /көтерме.
- Ауыл шаруашылығы.
- Коммерциялық /өнеркәсіптік.
- Қозғалмайтын мүлік
- Энергия.
- Үкімет – (жергілікті үкімет, штаттар, ұлттық) федералдық.
ә) Мақсаты бойынша:
- Тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, автомобильдер).
- Айналым капиталы.
- Құрылғылар.
- Ғимараттар.
- Жобалар.
- Лизингтік қаржыландыру.
ә) Әрекет ету мерзімі бойынша:
- Қысқа мерзімді (бір жылдан кем емес). .
- Орта мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін)
- Ұзақ мерзімді (5 жыл және одан жогары)
в) Өтелу кестесі бойынша:
- Бірдей төлемдермен (мысалы, тұтыну несиесі үшін ай сайын).
- Кезеңді төлемдермен (тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті кезенді немесе жеңілдіксіз кезенді, модификацияланған несие – «шар», яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие).
- Бір рет төлемді (қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие – «шар»).
г) Қамтамасыз етілуі бойынша:
- Қамтамасыз етілмеген.
- Кепілмен қамтамасыз етілген (колма-кол бағалы кағаздармен, дебиторлық қарыздармен, корлар.мсн. кұрылғылармен, жермен, ғимараттармен)
- Кепілдендірілген.
- Басқа да қамтамасыз етілулер (міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат).
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.
- Ұлттық банктің несиелері:
— аукциондық— Ұлттық банктің акша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
- ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетің қысқа мерзімді несиенің түрі;
- бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі.
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.
- Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
- өз айналым қаражатгарының жеткіліксіздігін уақытша
толықтыруға; - күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетің импорт; ,
- ипотекалық;
- несиелік желі негізінде — қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңцық рәсімделген міндеттемесі;
- консорциялық — несиелік, кепілдік немесе баска да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін кандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретің несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да
бір себептерге байланысты бұл фуикцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін. - тұтыну мақсаттарына;
- банкаралық.
Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер (Халықтық банк, Қазкоммерцбанк) болады.
- Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметіңен келетің шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) кұру тәртібі туралы ережеге сәйкес.
Ұлттық банк қарыздардьщ сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін белгіледі:
- стандартты — кайтарылу мерзімі әлі жетпегсн және сапасы күмән туғызбайтын несие; • стандартты емес — несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз жэне бір реттен артық емес ұзартылған несие;
- қанағатганарлықсыз — ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен артық емсс ұзартылған несие;
- күдікті- қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған куннен бастап ұзартылу мерзімі 60-күннен 90 күнге дейінгі несие;
- шығынды — ұзартылу мерзімі 90 күннен артық несие. Пайыздар есептеу карыздың ұзартылган қарыздар шотына жазылған күннен бастап 90 күн өткеннсн соң тоқтатылады. Пайыздардың есептелуінің токтатылуы банктің балансында есептелген пайыздардын өсуінің тоқтатылғанын білдіреді. Есептелген пайыздардың есебі баланстан тыс жүргізіледі.
Банктердің қарыз портфелінің жіктелуі, оның сапасының жоғарылауы және несиелік қызметтен болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) күру максатын көздейді және жалпы алғанда банктік жүйенін тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
НЕСИЕНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Алдын ала сұрақтың терминологиялық жағына тоқталамыз. «Функция» түсінігі ғылымда және тәжірибеде кең түрде қолданылады. «Функция» латынша «атқару», «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Философиялық сөздікте «функцияның» анықтамасы былайша беріледі: «Берілген қатынастар жүйесіндегі қандай да бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі. Мысалы, сезім органдарының функциялары, ақшаның функциялары, мемлекеттің функциялары және т.б.» Жаратылыстану ғылымында функция деп қасиет, жұмыс, тәуелділікті түсіндіріледі. Күнделікті тұрмыста функция әрекет ретінде анықталады.
Экономикалық теорияда функция деп құндык категориялар мәнінің көрінісі түсіндіріледі. Демек, несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы — оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрініс оның функциясы ретінде ерекше.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден, бәрінен бүрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір «жұмыстың» көрінісін сипаттайды.
Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезенде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция — бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да катысты болса ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерция-лық несиенің, банктік несиенің жеке бөл’ектенген функциялары жок. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік опера-циялардың ауыстыруы.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік катынас айырбас процесінде уакытша босаған кұннын карыз алушыға берілуі жолымен кайта бөлу сатысында пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған байланысты несиенің кайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда кредитор қарыз мэмілесі аркылы карыз алушыға тауарлы — материалдық кұндылықтарды берс алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді. бірак екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр турлі болганы-мен оның мазмұны біреу — кұн кайта бөлінеді, Осылайша, қайта бөлу функциясының көмегімен кұн кайта бөлінеді.
Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге белінеді: аумақ аралық, салааралық, салаішілік және шаруашылықаралық. Қанта бөлудін барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтінін ескерте кету керек. Берілген кұнға меншік иесі кредиторда сақталады.
Егер несиелік қатынасқа кредитор мен карыз алушы ретінде олардың орналасқан жерлеріне тәуелсіз әр түрлі заңды тұлғалар түсетін болса, құнның қайта бөлінуін аумакаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық банктерден несие алған кезде орын алады. Егер кұн бір саланын өкілі болып табылатын кредитордан, басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен салааралық қайта бөлу орын алады.
Егер кредитор бір шаруашылық субъектісінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартып, оны басқа субъектілерге қарызға беру көзі ретінде пайдаланылса, онда құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі орын алады.
Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады. Несиелік катынастардын субъектілері деңгейінде құнның жеке шенбер айналымында және айналымында тауарлы-материалдык құндылықтардың да ақшалай қаражаттардың да қайта бөлінуі журеді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнның жиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлггык өнім мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Не-сиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін козғайды.
Сонымен катар несие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткізу процесінің жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезівде тауар өндіруші өз өнімін сатып алушыға төлеуді кейінге калдыру шартымен сатады, яғни несиелік негізде. Алайда, мұндай кейінге калдыру үшін тауар өндірушіде оның өнімін төлеу көзіне дейін бос ресурстары болуы керек. Немесе оларды ұдайы өндірістің басқа субъектілерінен (банктен) уақытша пайдалануға алу керек. Екі жағдайда да шаруашылықтың әр түрлі буындарында жасалып қойған нәрселер қайта бөлінеді.
Несиенің кайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері бар:
- біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдык игіліктердің, өндіріс қүрал жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген жалдьг ұлттық өнімнің құны гана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдерінде жасалған құн да қайта бөлінеді;
- екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін сөз етеді;
- үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған күнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады;
- төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы-материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашыльиьшда қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына снуі ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда олардың уакытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушынын алған ж:шс шаруашылық, айналымына енген қарызға берілген кұн акшага тән «жұмысты» орындай бастайды (тауарлы-материалдық құндылықтарды алу үшін жалақыны төлеу жэне жше т.б. пайдаланылады).
Нақты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуы-ның келесідей алғышарттары бар:
- біріншіден, банктік жүйенің дамуы және төлем айналымын ұйымдастыруда оның ролінің жоғарылауы;
- екіншіден, экономикада төлем міндеттемесі немесе талабы бар төлем құжаттарының дербес айналысы;
- үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы.
- НЕСИЕЛІК САЯСАТ, ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгіленді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат — банктік несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат — бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды:
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың, бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
— несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға
жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын
объективтік стандарттар мен критерийлерін;
— несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдсрді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
— сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктен несиелік қызметтік сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат банк қызметкерлерінің бүгінгі танда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентің» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады Мысалға кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер және ұзақ мерзімді инвестициялық иесиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық, инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктен бақылауды ұйымдастыру болып табыладь: (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктік жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктік несиелік саясатын жәке оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұскаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кескін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін тәртібін кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады Сонымен қатар несиелік саясатта барлық несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады:
— несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
— несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
бекітеді:
— несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
— несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
— берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
— банктің несиелік стратегиясын жасайды:
— несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
— несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады.
— несиелік қызметтін ұйымдастыру;
— несиелік подтфельлі басқару;
— несиелеуге бақылау жасау:
— құзыретті бөлу принциптері;
— несиелеуді тандаудың жалпы критерийлері:
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:
- несиелеу саясаты:
- несиелеу стандарты:
- несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта — «несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты — бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.
НЕСИЕЛІК МЕХАНИЗМНІҢ МАЗМҰНЫ
Экономикалық түсініктегі «механизм» белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іскс қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында «механизм» термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм — нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыэ ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерден, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм сипатының объективтігін айта отырып екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір бірінен бөліп
НЕСИЕЛЕУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техниқалық қабаты» ретіңде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі — несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің козғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі — бұл несиені ғылыми түрінде тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
-несиелік қабілетін талдау:
- несиелік келісімшарт жасасу:
- несие беру:
- несиелік мәміленің орындарына бақылау жасау
I кезең Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіңдегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратыи құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
- соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған
қосымша беттер; - несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және
оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі; - несиеленетін мәмілелерді растайтын- келісімшарттар
көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және
сатуға арналған шарттар тауарлы-материалдық құндылықтар
шотының көшірмелері және т.с.с), - басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер
(шоттар бойынша көшірме);
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын қүжаттар;
- ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажеті қанағаттандырудың құралы ретіңде қызмет етеді. Бұл арад кәсіпкерлік қызметі үшін жеке тұлғаларға берілетін ссуда тұтын несиесіне жатпайды.
Тұтыну несиесінде қарыз алушыга жеке тұлға, ал, несие берушіге несие мекемесі, сондай-ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жатады.
Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетуді қолайлы әрі пайдалы формасы ретіңде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды, Сондықтан да ол мемлекет тарапына белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу несиленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушыны несиеленуін мақұлдауда немесе несиелеу режимін қатайтуды көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда, олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір дец гейін арттыруға қажетті мөлшеріндс несиеге қол жеткізу.
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылга дейін экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:
— ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие;
тұрғын үй құрылысының (жеке және кооперативтік несиесі.
Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие жанама сипатта болды, өйткені оны мемлекеттік бапктіц делдалдылығы арқылы әр түрлі сауда ұйымдары беріп келді.
Тұрғын үй құрылысының (жеке және кооперативтік) несиесін несие мекемелері (Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей берді.
Өндірістің құлдырауымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен, сондай-ақ, бөліп-бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді түрде құрылуымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу процесі басталған кездс қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай қалды.
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір түрлерін беру жүзеге асырылды. Мәселсн, несиелер мыналарға:
- құрылысқа және бау учаскелерін көріктендіруге;
- ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға арналған үйлердің құрылысына, оларды сатып алу мен жөндеуге;
- мал төлдерін сатып алуға және асырауға берілді;
- 1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ банкісі тұрмысқа аса қажетті тұтыну несиесін берді.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды тұлғаларды несиелеуде қолданатын, атап айтқанда, несиенің қайтарылуы, несие мерзімі, несиені мақсатгы бағыты, несиенің ақылылығы және қамтамасыз етілуі секілді принциптерді сақтай отырып берді.
Ссуданы беру кезінде басшылыққа алынатын маңызды өлшемге қарыз алушының төлем қабілеттілігі жатады.
Бүгінгі танда Қазақстан банктері тұтыну ссудасының екі түрін ұсынады:
- ағымдағы мақсаттарға («кезек күттірмейтін мұқтажға берілетін») арналған несие;
- капиталдық сипаттағы шығынға берілетін несие.
Кезек күттірмейтін қажеттілік несиесін (орта мерзімді несие) Халықтық банк дербес табыс көзі бар азаматтарға (оның ішінде, зейнеткерлерге де), олардың тұрғылықты жері бойынша бөлімшелері аркылы береді.
Мынаны айта кету керек, бүгінгі таңда осы несие бойынша мерзімі өткен берешектердің мөлшері қүрт артып кетті. Оған мыналар себеп болды:
- жұмыссыздықтың өсуі;
- ай сайынғы төлемдердің артуы;
- кәсіпорын бухгалтерлерінің несиені өтеуге арналған төлемдерді аударудан бас тартуы.
Бұл өз кезегінде аталмыш ссуданы банктердің беруін шектейді Кезек күттірмейтін қажеттілікке арналған несиені коммерциялық банктер де біртіңдеп бере бастады. Бұл ез несие ресурстарын қалыптастыру үшін жеке салымшылардың қаражатын тартудың негізгі тәсілі болып табылады.
Кейбір коммерциялық банктер өз акционерлеріне банк акциясымен және өзге де құнды қағаздармен қамтамасыз етілген несиені ұсынатын болды. Несиенің мөлшері несие келісімшартының әрекет етуі және несиелеу мерзімі басталған сәттегі несиесінің қолындағы акцияның нарықтық құнына қарай белгіленеді. Несиенің ең көп шамадағы мөлшері акцияның нарықтық құнының 85%-ін құрайды.
Тұтыну несиесінің екінші түрі — капиталдық шығындарға арналған несие (ұзақ мерзімді) — кезек күттірмейтін қажеттілікке арналған несиеден айырмашылығы — халықтан оны қалай пайдаланатыны жөніңде есеп беруді және банктен алынған соманың мақсатты бағыты туралы құжаттарды талап етеді.
Азаматтардың құрылыс салуына (реконструкция) және тұрғын үй сатып алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш түрін ұсынады:
- алдағы тұрғын үй құрылысына жерді сатып алуға және
жайғастыруға арналған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелер (жер несиесі); - тұрғын үй құрылысына (реконструкция) яғни, құрылыс
жұмыстарын тікелей қаржыландыруға арналған қысқа мерзімді
несие (құрылыс несиесі);
— тұрғын үй сатып алуға арналған ұзақ мерзімді несие.
Тұрғын үй проблсетаіуын шешуде халыққа көрсетілетін қаржылық несиелік қолдау азаматтардың өз қаражаттарымен, сондай-ақ құрылыс салуға немесе тұрғын үй сатып алуға демеу-қаржыны өтеусіз берудің негізінде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құрылысын несиелеу құрылысшыға белгіленген тәртіпте жер учаскесін бөліп беру және тиісті органдардың тұрғын үй құрылысына рұқсат ету шартымен жүзеге асырылады. Бұл жөніңдегі тиісті құжаттарды қарыз алушы банкке ссуданы беру туралы өтінішімен қоса ұсынуы керек.
Оған қоса, банкке белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген сметалық жобалау құжаттамалары және клиенттің төлем қабілетің анықтауға қажетті құжаттар (жұмыс орнынан берілетін анықтама), сонымен бірге, қамтамасыз етілген міндеттеме берілуі тиіс.
Азаматтардың қамтамасыз етілген міндеттемесі ретіңде жылжымайтын мүлік кепілзатының кепісімшартын, бір немесе одан да көп азаматардың, сақтандыру компаниясының және өзге де заңды тұлғалардың кепілгерлігін ұсынуға болады.
Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға өз жұмыскерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуда олардың алған тұрғын үй несиесінің өтелуіне кепілдік беру арқылы жәрдемдесуіне және бұл несиені өздерінің (кәсіпорындар мен ұйымдардың) қаражат есебінен бөлектеп немесе толық өтеуіне рұқсат етілген.
Кепілге салынатын затқа мыналар жатуы мүмкін:
— қарыз алушының меншігіне жататын құрылыс салуға арналған жер учаскесі немссе осы учаскеге өзге де мүліктік құқықтар;
— дайын тұргын үй немесе аяқталмаған құрылыс, өзге де мүлік түрлері мен кепілзат ретіңде пайдалануға болатын, ҚР-дың қолданыстағы заңына сәйкес келетін мүліктік құқық.
Кепілге салынған мүлікті кепілзат беруші одан айырылып қалмау үшін сақтандыра алады.
Негізгі қарыздың сомасы және ссуда бойынша процент толық өтелмейінше қарыз алушының жылжымайтын мүлікті үшінші тұлғаға сатуына немесе оның мүліктік құқығын беруіне банктің жазбаша келісімінсіз құқығы болмайды.
Банк тұрғын үй несиесін несиелеудің, атап айтқанда, мақсатты пайдаланылуы, қамтамасыз етілуі, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылылығы секілді негізгі принциптерін сақтай отырып береді.
Құрылыс салу үшін немесе тұрғын үй сатып алу үшін алынған ссуданың өз мақсатында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда банк берілген несиені мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы болады, ал, қарыз алушы несиені қайтармаған жағдайда банк несиені кепілге салынған мүліктен немесе кепілгерден өндіріп алады.
Тұрғын үй несиесі туралы ережеге сәйкес банк беретін несиенің сомасы жерді сатып алудың және жайғастырудың құнына құрылыстың (реконструкция) немесе сатып алынған тұрғын үй құныңың 70%-інен аспауы керек.
Несиеленетің объектіңің қалған бөлігіне (30%-тсн төмен болмайтын мөлшерде) қарыз алушы өз қаражатымен катысады. Осы сәт пен тұрғын үй несиесінің өзге де нақты шарттарі (мерзімі, мөлшерлемесі және т.б.) қарыз алушы мсн бан арасында бекітілетін несие келісімшартында айтылуы тиіс.
Тұрғын үй несиесінің тағы бір түрі — құрылыс несиссі қарыз алушы ашқан несие желісінің негізінде беріледі. Әрі беріден соң ссуда құрылыстық-монтаждау жұмысының аяқталған кезеңінің құныңа сәйкес бөлектеп (біртіңдеп) беріледі.
Банк кезеңдерді кейін инспекциялаумен құрылыс графигін сәйкес кезең сайын аванс беру арқылы жұмысты қаржыландыра алады.
Тұрғын үй проблемасын шешу заңды тұлғалар шығаратын облигацияның айрықша түрі болып табылатын және азаматтардың ақшалай қаражатын тарту мақсатында тапсырыс берушінің тұрғын үй құрылысын жүргізуге құқығы барын білдіретін тұрғын үй сертификаттарының айналымға енуіне себепкер болады.
Тұрғын үй сертификаты эмитент анықтайтын шарттармен оның иесіне өз меншігіне пәтер сатып алуына құқық береді. Оны сатып алу ұзақ уақытқа созылатындықтан бұл жағдайды тұрғын үй сертификатын тұтыну несиесінің өзінше өзгешелегі болатын формасы ретіңде бағалауға болады.
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға кейін өзгеретін болса да қайта есептелмейді).
Несиеге автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т.б. секілді ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын тауардың қолма-қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы сондай-ақ оны бөліктеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына қарай анықталады.
Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір айлық еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы бірден осы тауар құныңың ең аз дегенде 20%-ін төлейді және қалғаның 6айдан үш жылға дейін бөліктеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын болса, онда тауарды несиеге алу барысының бастапқысында оның құныңың 40%-ін төлейді, ал, қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төлейтін болады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың жаңа ережесіне сәйкес несиелеудің шегі (шекарасы) азаматтардың еңбекақы (табыс) деңгейіне қарай анықталып белгіленетін болады.
Мәселен, алты айға дейінгі мерзімде бөліктеп төленетін тауар сатылатын болса, берілетін несиенің сомасы тауарды сатып алушының екі айлық еңбекақсынан аспауы керек, ал, 24 айға — 8 айлық еңбекақыдан, 36 ай 12 айлық еңбекақыдан, 48 айға -18 айлық еңбекақыдан аспауы тиіс және 60 ай мерзімінде төленіп бітуі тиіс несиенің шекті іасы сатып алушының 24 айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан сауда кәсіпорнының пайдасына несие сомасының проценті өндіріліп алынады. Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіпорын банк несиенің қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен өтейтін болады.
Тұрғын үйге арналмаған жеке тұлғалар ссудасының маңызды көзіне, оны қалыптастыратын әрі ауыстыратын құралға несие, карточкалары жатады.
Банк карточкалары үш тараптың қатысуын ұйғарады:
- несие карточкасының эмитент-банкісі;
- несие карточкасының иесі;
- несие карточкасын тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлем құралы ретінде қабылдайтын сауда ұйымдары. Клиент несие карточкасын алу үшін банк белгілеген ақшалай қаражат сомасын банкке аударуы қажет. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын несие карточкасымен клиент шотында қаражат болмаған жағдайда да, яғни, банк несиесінің есебінен төлеуге болады.
Банк өз қызметі үшін әрбір операцияның сомасынан белігілі бір процентті өндіріп алады.
Төлем карточкасын пайдаланушылар, сонымен бірге, жыл сайын белгілі бір соманы карточкаға қызмет көрсетуі үшін және оны жыл сайын жақартуға аударып отыруға міндетті.
Тұтыну несиесін тұрақты түрде берудің бұл тәсілі шетелдерде де кеңінен тарап отыр. «ВИЗА», «Американ Экспресс» «Мастер кард» секілді халықаралық қаржы ассоциациялары оск пластикалық карточканың иелеріне қызметтің кез келген түрін көрсетуде.
Бүгінгі таңда көптеген қазақстандық банктер де әр түрлі несие карточкаларын шығара бастады.
Тұгыну несиесіне, сондай-ақ, ломбард та жатады.
Ломбардтар (несиені) халыққа жеке пайдаланылатын және үйде тұтынылатын заттың кепілдігімен береді.
Ссуданың мөлшері кепілге салынған заттың түріне, оның нарықтық құныңа және ломбард белгілеген кепілдікті қамтамасыз етудің шегіне қарай анықталады.
Бүгінгі таңда, әсіресе, жекеше ломбардтар кеңінен тараған. Сол себепті де ломбард несиесінің проценттік мөлшерлемелері жоғары болып келеді. Тіпті банктік проценттің мөлшерлемелерінен асып түсетін кездері де болады. Бұл, сөз жоқ, осы несиенің ауқымына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Оңай сатылатын (жылдам өтетін) мүліктің кепілге салынуы ломбард несиесі деп ұғылады әрі мұндай несие түрінің құқына ежелден бар, әсіресе, Солтүстік Италияда (Ломбардияда) кеңінен тараған болатын.
Қымбат металдар мен тауарлар оны қамтамасыз етуші ретіңде қызмет етті. Кейін өсімқорлар ломбардты ақшаны жылжымалы мүліктің кепілдігімен беретін несие мекемелеріне айналдырды.
Алғашқы ломбардты Италиядан шықкан келісімсек XV ғасырдың екінші жартысында Францияда құрды. Содан соң ломбардтан Еуропаның әр түрлі елдерінде пайда бола бастады.
Осы заманғы шетелдік банк іс-тәжірибесінде ломбардты несие ең алдымен маусымдық несие формасында немесе төлем қаражатындағы қысқа мерзімді қажеттілікті өтеудің овердрафты түрінде пайдаланылады.
Жеке қарыз алушыларға берігіетің ломбардтық несиснің маңызды түрлеріне кұнды қағаздардың, тауарлардың, қымбат металдарды кепілдігімен берілетін несиелер немесе талап кепілдігімен берілетін несие жатады.
Құнды қағаз кепілдігімен берілетін ломбардтық несие Ломбардтық несиенің бұл формасы шетелдік банк іс-тәжірибесінде ең маңызды форма ретіңде саналады. Кепілдікке те қор биржасында бағасы белгіленген құнды қағаздар ғана қабылданады. Мұндай несиелік қызметті көбінесе үкіметтің құнды қағаздарымен операция жасайтын дилерлер мен өз клиенттерін құнды қағаз сатып алуын қаржыландыратын брокерлер пайдаланады.
Оның үстіне құнды қағаз сатып алуы үшін жеке тұлғалар да ссуда сұрап, банкке жиі өтініш түсіреді.
Құнды қағаздар аясындағы ссуда «оn саll» (талап етілмелі) шарты арқылы беріледі.
Несиенің сомасы әдетте құнды қағаздардың бағамдық құнының 50-90%-ін құрайды.
Несие олардың бағамдық құнының тек бір бөлігін ғана өтей ады. Басқа бөлігін — маржаны (сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы айырмашылық) мәміле бекітілгенде қарыз алушы төлейді. Мысалы, егер маржа 60% деңгейінде болатын болса, онда бұл мынаны білдіреді: инвестор құны 10000 доллар акцияны сатып алу барысында 6000 доллар төлеуге міндетті, ал, қалған 4000 доллар үшін банктің көмегіне жүгіне алады.
Несиенің өзіі құнды қағазды бағалау және кепілдікке қабылдау бойынша операцияны ұйағарады. Құнды қағаздарды сақтаудың шығыны көп болмайды, өйткені, бұл қағаздар депозитке салынған құнды қағаздардың арнайы шотында сақталады.
Құнды қағаздардың құны тек қор биржасында ғана өзгергендіктен олардың кепілдік кұнын бағалау банкке ешқандай қиындық тудырмайды. Әдетте, банк бұл құнды биржалық бағамнан біршама төмен белгілейді. Себеп — биржа бағамы ауытқуы мүмкін, яғни ауытқу ықтималдығы болады.
Шетел іс-тәжірибесінде Банк түрі мен бағамдық қатердің деңгейіне сәйкес құнды қағаздардың кепілдікті құны әр түрлі бағаланады.
Мәселен, 1934 жылы АҚШ-та Федералдық Резерв қорының . (ФРС) Басқарушы Кеңесі іс-тәжірибеге, егер мұндай ссуда жеке тұлғаларға берілетін болса, құнды қағаздар аясындағы ссуда бойынша маржаны реттеуді (құнды қағаздардың 25-тен 100%-ке кейінгі нарықтың құны шегінде) енгізді.
1972 жылы Кеңес ұйғарылатын (міндетті) маржаның бағасын 5% деңгейінде белгіледі. Ол үшін сатып алынатын акцияның ең аз дегенде 65% нарықтық құның төлеумен сатып алушылардың міндетті түрде иеленуін талап етті және осыған орай оларға банктен осы акцияны сатып алуы үшін олардың нарықтық құныңың 35% шамасынан аспайтын ссуданы алуға рұқсат етілді.
1974 жылы ұйғарылатын маржаның шамасы 50%-ке дей кеміп кетті және бұл көрсеткіш әлі күнге дейін со күйі өзгеріссіз қалды.
Бұл ереже ұлттық қор биржасында тіркелген ақцияларды сатып алу барысында ғана жарамды және коммерциялық банктермен қатар осындай тағайындаудағы несиені беретін ссуда берушілер үшін жарамды болып табылады.
Әдетте шетелдік банк іс-тәжірибесінде құнды қағаздарды кепілдікті құны мынадай шектерде ауытқып тұрады:
- кепілхаттық парақтың (ипотекалық облигация) кепілдк
құны 90%-тік бағамнан төмен түспейді; - борыштық міндеттеменің құны (ссуданы алу барысын қарыз алушының несиелерге беретін құжаты) бағамды құнның 80%-іне дейін құрайтын шамамен бағаланады;
- өзге борыштық міндеттеме — олардың бағамдық құнының
60%-іне дейін; - акция — олардың бағамдық құнының 50-ден 70%-іне дейін
Кепілге салу тұрғысынан алғанда құнды қағаздар сапасыны өлшеміне (критерийіне) олардың шапшаң өту мүмкіндігі және оны шығарған тараптың қаржылық жағдайы жатады. Бұл жағынан алғанда шетел іс-тәжірибесінде сапасының ең жоғары рейтингісіз айналымдылығы жылдам мемлекеттік құнды қағаздар ие.
Мұндай кепілзатты пайдаланған кезде несиенің ең көп шамасындағы сомасы осы құнды қағаз құныңың 95%-іне дей жетуі мүмкін.
Бұл арада сатып алушының құнды қағаздар нарығында сатып алған акциясы жөніңде сөз болып отыр, өйткені, кұнды қағаз дарға салынған капитал нақты мүлік болып табылады.
Шетелдерде вексель де кепілге салынады. Кепілге салынатын зат ретінде вексельге қойылатын негізгі талап — нақты тауар мәмілесін бейнелеуге міндетті. Бөлектеп (біртіндеп) төлеуге сатылатын тауарлардың сапасы мен ассортименті де, векселі бойынша төлем мерзімі де ескеріледі.
Шетелдік банк іс-тәжірибесінде вексель салыстырмалы түрде алғанда сирек ломбардталады, өйткені, есептік несиенің құны әдетте, ломбард несиесінің мөлшерлемесінен бір процент тармағына кем болады.
Тауарлардың кепілдігімен берілетін ломбард несиесі. Несиенің бұл түрі көбінесе заңды тұлғаларға беріледі. Ломбард несиесін беру барысында кемілге салынатын зат ретіңде биржада сауда-саттық жүргізуге жарайтындай бағасы салыстырмалы түрде тұрақты тауарлар ғана пайдаланылады. Бұған, мысалы, астық, қант, кофе және т.б. жатқызуға болады.
Германия банктері кепілге салынатын зат ретінде биржалық және биржалық емес тауарларды да қабылдай береді. Тауардың түріне қарай олардың кепілдікті бағасы олардың құнының 50-ден 50%-ке дейінгі шегінде ауытқиды.
Банкке биржалық тауарларды кепілге салу қарыз алушыларға әлдеқайда қолайлы. Бұл жағдайда оған банкке тауарларды зараптау және бағалау жұмыстарының шығынын өтеудің қажеті болмайды, оның үстіне, биржалық тауарлардың бір ғана қарыз сомасын қамтамасыз ету үшін оларды биржалық емес тауарларға қарағанда біршама аз сомада кепілге салуды қажет етеді.
Соңғы жағдайда банк, әдетте, биржалық емес тауарлар бағасының ауытқуы аз ұшырайтындықтан ғана осындай қадамға барады. Қажет болған жағдайда оларды сатумен байланысты біршама шығын шегуіне тура келеді.
Биржалық және биржалық емес тауарлар, әдетте, банкке кепілге салынады және ондағы құнды қағаздар құқығын беру жолымен сатылады. Германияда мұндай кағаздарға, мысалы, ордерлік қойма куәлігі, коносамент, тауардың жөнелтілгені жөнінде ордерлік куәлік жатады.
Ордерлік қойма куәлігі — бұл сақтаушының мүлікті қабылдағанын растайтын және сақтаушы оны қойма куәлігімен бірге беруге міндетті құжат.
Бұл құжаттың кеңінен пайдаланылуының бір себебі — ордерлік қойма куәлігін беру құқығы бар сақтаушыға қойылатын айрықша талап.
Бұл құқықты беру жөніндегі шешімді арнайы мемлекеттік мекеме шығарады.
Мүдделі кәсіпкер мұндай құқықты алу үшін өзіне қатысты ақпараттарды ұсынады: кәсіпорынның жартысы, сауда тізілімінен үзінді көшірме, басшылардың тізімі, сақтау орнын иеленуді
құқықтық негізі, сақтау орнының техниқалық сипаттамасы, сақтаушыға
қызмет көрсету жөніндегі ереже, қызмет көрсетудің
тарифі, соңғы үш жылдың тексерілген жылдық балансы және
бірқатар өзге де мәліметтер.
Ордерлік қойма куәлігін беру құқығын алған жағдайда бұл туралы шешім арнайы баспасөзде жарық көруі керек.
Бұл рұқсат кері қайтарылып алынуы да мүмкін, оны да жариялау қажет.
Сақтаушының берген барлық мәліметі өзі жүргізу типі тіркелімге енгізіледі.
Берілетін куәлік бірыңғай үлгіге сәйкес келуі керек.
Банк іс-тәжірибесі ордерлік қойма куәлігінің банкке берілуі және онда сақталуын қажет етеді. Басқа жағдайда банк мүлікті банк атынан сақтауға берілуін талап ете алады.
Бүгінгі таңда Германияның банктік іс-тәжірибесінде ордерлі, қойма куәлігінің кепілзаты сирек ұшырасатынын айта кету керек.
Пайда болған ордерлік қойма куәлігі туралы мұндай арнайы заң қазақстандық құнды қағаздар жөніңдегі заңға толық сәйкес келеді.
Бұл кұжат ҚР банктерінің кепілдік берушінің мүлік саласын араласпай-ақ кепілге салынған мүліктің жағдайын бақылауын мүмкіндік береді әрі тауарлардың, оның ішінде, биржалы тауарлардың айналымын оңайлатады.
Қымбат металдардың кепілдігімен берілетін несие. Бұл ломбардтық операцияның ескі формасы әрі шетелдік іс-тәжірибеде сирек ұшырасатын несие формасы.
Кепілзаттың бағаланған құны (әдетте, бұл — алтын монетасы алтын құймасы, күміс, платина) тиісті қымбат металл бағасының шамамен 95%-ін құрайды.
Талап кепілдігімен берілетін несие. Кепілге әр түрлі қаржылық талаптар салынуы мүмкін, мысалы, сақтандыру келісімшарты бойынша талап; еңбекақы, ипотека төлемінің талабы жылжымайтын мүліктің кепілзаты туралы тіркелімдегі жазбалар;
Талаптың кепілдікті бағасының шекарасы талаптардың түрлері бойынша ажыратылады, алайда тұтастай алғанда олардың деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болады.
Ломбардтық несиенің құны қарыз алушы үшін проценттен және комиссиялық төлемнен қалыптасады.
Комиссиялық алымның деңгейі ең алдымен кепілге салынған мүлікті сақтаудың шығынына қарай анықталады.
3.1 НЕСИЕЛЕУ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытташа қажеттілігі бар кез-келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
- несиелеу объектісі — бұл несиенің пайдалану заты яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын. негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарларды маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары. материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылықтың субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
■ өндіріс объектілерінің құрылысы;
- өндіріс объектілерін қайта құру. техникалық жағынан қайта қаржыландыру, кеңейту;
■ техникалар құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
■ өндірістік емес маңызы бар объектілерді алу.
3.2 НЕСИЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ
Несиелеу әдістері — несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:
- қалдық бойынша:
- айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие козғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар (шикізат, негізгі жәнс қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде кайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені, несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша берілді. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылды.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша ұштасып қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған.
Бұл жерде несисіпң к,айтарылуы виімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотка түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі, банктік несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шарушылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлі арта түсті.
Қалдык бойынша несиелеу әдісі нарықтың жағдайға өтуімен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден (қалдың бойынша. сол сияқты айналым бойынша да) біртұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда айналым бойынша несиелеу жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Казіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-калдықтық
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы ңозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жақартып отыратын процесс болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдыктарымен өзара байланысты. Мысалы кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарын өтейді. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі. ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Калдық бойынша несиелеуде-несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі: бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір мерзімге, яғни мерзімді несиелерді беру барысында қолданылады.
Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға белгілі бір мерзім аралығында төлем құжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.
Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп атайды.
Несиелік желі — келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыга несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктік қарыз алушы алдындағы міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының арасында жасалынған несиелік келісімшартқа сәйкес, кез келген есеп айырысу құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие алады. Бірақ банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы да мүмкін.
Несиелік желінің жақартылатын және жақартылмайтын түрлері болады. Жақартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады. Жақартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі, сол сияқты, мақсатты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелік желі клиенттің бір келісімшарт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі үшін ашылады.
Жақартылатын несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналымы бойынша несиелеу.
3.3 НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік Тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуексл — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе өзін есептелінетін сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
- несиелік қызмстті ұйымдастыру:
- лимиттер белгілеу;
- несиелік ұсынысты баға несиелік қабілетті бағалау:
- несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
- несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есспке ала
отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау; - несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу — несиелерді авторизациялау:
- несиелік мониторинг;
- несиелік портфельді басқару
- проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материадық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға
■қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
- несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
■ маржа деңгейіне;
несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне:
■банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді азторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару — бұл банк қабылдауын дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортак алғы шарттарына жататындар;
нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
несиелік рейтингпен байланысты болатын. Жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау:
төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау; жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
■ несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу — несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Проблемалық несиелерге:
- несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген жәнс қосымша келісім берілген несиелер:
- сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз
етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының. Кепіл-хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар; - несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
- карыз алушының кызметін қайта құру:
- несиені қайталау кестесін өзгерту;
- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі — несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР
- Сейтқасымов Г. «Банк ісі»
- Мақыш С.Б «коммерциялық банктер операциялары»
- Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С. «Қаржы»
- Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие
- Кошенова Г.С. «Ақша несие, банктер, валюталық қатынастар»
- Сейтқасымов Г.С «Ақша несие, банктер»
- Ұлттық банктегі ақпарат
- Коммерциялық банктегі ақпарат