ҚР Жоғарғы сотының судьясы пара алды деген күдікпен ұсталды

0

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Мейрам Жанғуттинов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Время».

«11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік департаментімен бірге Жоғарғы Сот судьясы Мейрам Жангуттиновты ұстады. 

Ол 8000 доллар көлемінде пара алды деп күдіктелуде », — делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.