Министр: Дамыған елдерде жоқ вакцина Қазақстанда бар. Бұл құпия

0
41
Сурет: news.mail.ru

Ошақбаевтың LIVE бағдарламасында Денсаулық сақтау министрлігі басшысы Алексей Цойдан неге Францияда коронавирусқа қарсы өз вакцинасы жоқ, ал Қазақстан бірден екеуін шығаруға мүмкіндік алды деп сұралды, деп хабарлайды ORDA.

«Қазақстанда вакцина жасалып жатыр. Тіпті екі вакцина жасауға да мүмкіндік болды. ЭЫДҰ дамыған елдерінде, мысалы Францияда вакцина жоқ. Мұны қалай түсіндіруге болады?» – деп сұрады бағдарлама жүргізушісі, әрі экономист Рақым Ошақбаев.

Цойдың айтуынша, бәрі қарапайым. Қазақстан клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде вакциналары бар 12 елдің қатарына енді.

«Мұның қандай құпиясы бар, неге біздің қолымыздан келген істі көршілеріміз жасай алмайды? Себебі, бізде Кеңес Одағынан қалған, 1950 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты бар, ол ерекше қауіпті патогендік штамдармен жұмыс істеді. Яғни, бұл сала бойынша бізде тәжірибе жеткілікті», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, мұндай зертханалар қауіпті вирусқа қарсы вакцинаның әзірлемелерін ұсынған елдерде ғана бар.

«Бұл құпия. Біздің ғылыми әлеуетіміз бар, зертхана жабдықталған, сондықтан біз вакцинаны жасай алдық», – деп жауап берді Цой.