Балғынбек Имашев: Бұл ауру жоқ, вакцинаны президент Тоқаев салдырса да салдырмаймын

0

Айтыс ақыны Балғынбек Имашев вакцина туралы көзқарасын айтты. Ол бұдан бұрын да екпе жайлы өз көзқарасын ашық айтып, қарсы пікір білдіріп жүрген.

Егер вакцинаны мәжбүрлемесе 6 млн деген санға жеткізу мүмкін емес деді айтыс ақыны. Бұл туралы Б. Имашев «Қасқа жол» атты Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Егер вакцинация жақсы нәрсе болса оны жарнамалап не керегі бар?» дейді ақын.

Бір вакцинаны дайындауға ондаған жылдар кетуі мүмкін. Ал енді былтыр шыққан пандемияға бір жыл ішінде дайындалған вакцинаны салуды түсінбеймін. Ол қалай зерттеліп жатыр, кері әсері қандай деген сұраққа жауап жоқ, егер вакцинадан адам мүгедек болса кім жауап береді, төлемді кім төлейді деп алаңдауын білдірді ақын.

«Бір адам өлсе 500 мың теңге деген не масқара?! Бұл ауру жоқ, қолдан жасалған биоқару» деді Б.Имашев.

«Мен сенбеймін, тіпті 200 мемлекеттік президенті қатар тұрып салдырса да мен салдырмаймын» деді айтыскер.

Балғынбек Имашев өзінің коронавируспен ауырғанын де жеткізді.