Карантин: Халыққа ақыл айтқыш әншілер мен депутаттар тойда жүр (ВИДЕО)

0

Жыл басынан бері Алматыдағы мониторингтік топтар 4 мыңға жуық нысанды тексерді. Нәтижесінде карантиндік талаптарды орындамаған 29 бизнес өкілі сотқа жіберілді.

Алматыда санитарлық дәрігерлер әншілер мен блогерлер қатысқан екі тойды тексеріп жатыр.

Бұл туралы stan.kz сайты жазды.

Олардың көпшілігі — дәмханалар, мейрамханалар мен караоке-барлардың иелері. Маска режимін бұзғаны үшін адамдарға қатысты 214 хаттама жасалды, оларға сәйкес шамамен 9,5 миллион теңге айыппұл салынды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті де қазақстандық әншілер мен блогерлер қатысқан іс-шарадан алынған видеоны тексеріп жатыр.

Кадрда отандық шоу-бизнес өкілдері Мақпал Жүнісова мен Сәкен Майғазиев көрінеді. Тойға балуан, мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та қатысқан. Қазір салтанатты іс-шараның қай жерде және қашан өткені нақтылануда.

https://youtu.be/HqUairDi-mw