АҚШ президенті Джо Байден Путинге: Навальныйды дереу босатыңдар!

0

4 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Американың сыртқы саясатының негізгі міндеттеріне арналған алғашқы бағдарламалық сөзін сөйледі. Ол алғаш рет Ресей билігін дереу Алексей Навальныйды босатуға шақырды, деп хабарлайды Euronews.

Байденнің айтуынша, Қытайдың амбициясы мен Ресейдің соңғы әрекеттері АҚШ демократиясына үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Ақ үй басшысы Мәскеудің «қастық әрекеттері үшін жауап береді» деп уәде етті.

«Америка оралады. Саясатымыз дипломатиялық қарым-қатынасқа арқа сүйейді. Ұлықтау рәсімінде айтып өткенімдей біз өзіміздің альянстарымызды қалпына келтіреміз және мұны кешегі мәселелерді шешу үшін емес, бүгінгі және ертеңгі күннің сын-тегеуріндерін жеңу үшін әлеммен қайта өзара әрекеттесетін боламыз», — деп мәлімдеді президент.

Джо Байден Американың қарсыластары мен бәсекелестері туралы айта отырып Ресейді ерекше атап өтті. Ол халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды нақты қадам стратегиялық ядролық қаруды қысқарту жөніндегі қолданыстағы АҚШ-Ресей шартын — СНВ-3-ті бес жылға ұзарту болды деп мәлімдеді.

Сонымен бірге, Байден Жаңа американдық әкімшілік «Ресейдің халықаралық аренадағы зиянды қызметін» және оның халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде адам құқықтары саласындағы міндеттемелерін бұзуын салдарсыз қалдырмайтынын атап өтті.

«Мен Путинге бұрынғы президенттерге қарағанда Америка Құрама Штаттарының Ресейдің агрессивті әрекеттеріне, біздің сайлауға араласуына, кибершабуылдарға, өз азаматтарын улауына көз жұма қарамайтынын қаттырақ ескерттім. Біз Ресей үшін шығындарды көбейтуден тартынбаймыз және біздің халқымыз үшін ең маңызды деген мүдделерді қорғаймыз.

Халықаралық қоғамдастық Алексей Навальныйдың саяси себептермен түрмеге қамалуы мен сөз бостандығына тыйым салынып, бейбіт митингіге шыққан халықтың жаншылуына алаңдап отыр. Навальный мырза, барлық Ресей азаматтары сияқты, Конституцияда қарастырылған құқықтарға ие. Ол сыбайлас жемқорлықты әшкере еткені үшін жазаланды. Ол дереу және сөзсіз босатылуы керек», — деді Джо Байден.

Байден сонымен бірге оның әкімшілігі «адам құқығын өрескел бұзатын Қытайдың деструктивті қызметіне» қарсы болатындығын атап өтті.

АҚШ басшысының айтуынша, АҚШ билігі сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздіктің басымдықтарына сәйкес әлемнің әртүрлі аймақтарындағы жағдайға американдық әскердің қатысуын талдайды. Президент бұған дейін жоспарланған американдық әскерлерді Германиядан шығару тоқтатылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Байден АҚШ босқындарды өз еліне қабылдауды арттырады, коронавирустық пандемия және климаттың өзгеруі сияқты жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы күресте американдық көшбасшылықты қалпына келтіреді деп сендірді.


Тегтер:джо байденджо байден в молодостиджо байден возрастджо байден детиджо байден инстаграмджо байден новостиджо байден ростджо байден сколько летджо байден состояниеджо байден сыннавальныйнавальный ив рошенавальный кто оннавальный кто этонавальный новостинавальный отравлениенавальный посадилинавальный последние новостинавальный суднавальный твиттерПутинпутин биографияпутин в молодостипутин википедияпутин новостипутин ростпутин сколько летпутин через 9999 летпутинаПутинцеваресей қытай сауда нүктелеріресей қытай шекарасы өткен өзенресей-қытай қатынастарысөз бостандығысөз бостандығы дегенді қалай түсінесіңсөз бостандығы заңсөз бостандығы конституциясысөз бостандығы мен ой еркіндігісөз бостандығы сұрақтарсөз бостандығы туралы заңсөз бостандығы эссесөз бостандығы қазақстандаҚытай АҚШқытай ақш қатынастарықытай ақша бірлігіқытай ресейқытайдың ресейге жалға берген иеліктері