53 жастағы әйел 11 күйеуін жерледі

0

Тергеу мәліметінше, 53 жастағы әйел қыздарымен бірігіп туыстарымен қарым-қатынасын үзген, маскүнем ер-азаматтарды арнайы іздеп қосылуды қолға алған.

Құрбандардың арасында әйел адамдар да бар.

Әйел адам тапқан маскүнем азаматтарға тұрмысқа шықса, қыздары қариялардың сеніміне кіріп, өздерін олардың туысымыз деп алдаған. Ақыр соңында өлім аузында жатқан жандардың дүние мүлкін өзіне жаздыратын болған.

Осылайша олар Краснодар, Сочи қалаларында жер, тұрғын үй және пәтерлерді иеленген. Ұрлап алған ақшамен қосқанда жалпы келтірген шығын 21,7 млн теңгені құрады.

«Әйел мен қыздары 12 факті бойынша қозғалған істе басты күдікті болды. 2013-2019 жж аралығында әйелдің 11 күйеуі көз жұмған», — делінген хабарламада.

Кінәсі толық дәлелденген жағдайда әйел адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.