Шенеуніктер жабық шприцпен егіліп жатқаны рас па? (ВИДЕО)
Қазақстандықтар Германияда Тиршенройт аудандық әкімшісіне екпе салу сәті түсірілген бейнежазбаны талқылауда. Кадрларда екпе жасау барысында иненің қақпағы алынбағаны көрініп тұр. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл шенеуніктердің COVID-19 қарсы вакцина алдық деп адамдарды алдауының тікелей дәлелі. Бұл олай емес. Бұл туралы StopFake сайты жазды.
Шын мәнінде, қастандық теориясын жақтаушылар таратқан бейне Тиршенройт ауданында Вальдзассен вакцинация орталығында сынақ жүргізу туралы репортаждан алынған үзінді болып табылады. Сюжет 18 желтоқсанда «Оберпфальц ТВ» телеарнасында көрсетілді. Бұл кезде Германияда вакцина әлі мақұлданбаған еді. Сәйкесінше, ешкімге вакцина егілген жоқ, бұл туралы репортаждың толық нұсқасында айтылады.
Германияда вакцина сюжет теледидардан көрсетілгеннен кейін төрт күн өткен соң 2020 жылғы 22 желтоқсанда мақұлданды. Тиршенройт қаласы орналасқан Баварияда жаппай вакцинация ресми түрде 27 желтоқсанда басталды.
Ал Тиршенройт ауданының әкімшісі Роланд Грильмайер вакцина алғаны туралы жалған ақпарат ұсынды және тұрғындарды қасақана алдады деген айыптарды жоққа шығаруда.
«Мен осылайша, вакцинацияға дайын екенімді жеткіземін», – деді ол BR24 басылымына. Сонымен қатар, Гриллмайер кезегі келгенде тіркеліп, вакцинацияланатынына сендірді.
Демек, кеңінен таралған видео Германияда жаппай вакцинацияға дайындық туралы репортаждың бір бөлігі. Бұл шенеуніктер «камераға» түсіру үшін иненің қақпағын алмай егілетіндігі туралы теорияны дәлелдемейді.