Дәрігерлер коронавирус вакцинасы кімге көмектеспейтінін айтты

0
764
Фото: Informburo.kz

Британдық иммунологтар коронавирустық вакцина иммунитеті әлсіреген адамдарға максималды нәтиже бермейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды KzNews.kz.

Қазір әлемде жаппай вакцинация процесі біртіндеп басталып жатыр, бірақ вакцина бәріне бірдей сәйкес келе бермейді, дейді Біріккен Корольдіктің екпелер мен иммундау жөніндегі бірлескен комитеті. Көптеген адамдар оның пайдасын көреді, бірақ иммунитеті төмен адамдарға пайдасы жоқ.

Британдық ғалымдардың айтуы бойынша әлемде иммунитеті төмен алты миллионға жуық адам бар:

Бұдан бөлек, бірқатар ауруға шалдыққан адамдарға абай болу керек. Олар:

  • бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары;
  • органдарды трансплантациялау операциясынан өткен адамдар;
  • қатерлі ісікпен ауыратын науқастар;
  • эндокриндік жүйенің бұзылуы (қант диабеті);
  • қан түзілімі жүйесінің ауыр аурулары;
  • эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке жүйесінің аурулары;
  • жүрек-қан тамыр аурулары;
  • иммун тапшылығы;
  • аутоиммунды аурулар;
  • өкпе аурулары, демікпе және өкпенің обструктивті аурулары;
  • метаболиттік синдром мен диабет, аллергиялық реакциялар, атопия мен экзема;
  • қатерлі аурулар, соның ішінде қан аурулары.

Естеріңізге салайық, 1 ақпанда Қазақстанда халықты жаппай вакцинациялау басталды (Sputnik V екпесімен). Барлық шығындар мемлекет есебінен өтелді. Дәрігерлер вакцина алған адамды 30 минут бойы бақылауы керек.

Соңғы тәулікте Қазақстанда 1160-тан астам адам коронавируспен ауырды. Сондай-ақ, 2 ақпанда Вьетнамда коронавирустың «британдық» штаммының өршуі тіркелгені белгілі болды.