Астаналық Айдын Рахымбаевқа: Сіздердің сапалы құрылыс туралы жарнамаларыңыз — сандырақ
Елорда тұрғыны Руслан Сұлтанов BI Group басшысы Айдын Рахымбаевқа «Sunrise» тұрғынүй кешеніндегі олқылықтарды жөндеуді талап етіп жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«BI-group басқармасының басшысы А. Рахымбаев мырзаға тағы бір мәрте жүгінемін. Мұның алдында сіздер салған ғимарттағы олқылықтарды жөндетуді сұрап бірнеше рет жүгінген едім. Брак жылыту батареялары мен жел соғатын витраждар орнатқансыздар.
Сіздерден кім келмеді десеңізші, жұмысшыларыңыз сізді қорғап сөйледі. Пайда жоқ.
Ешнәрсе жөнделген жоқ. Барлығы сол бар күйінде қалған. Сіздердің сапалы құрылыс туралы барлық жарнамаларыңыз өзіміздің сандырақ. Өзіңіз адамдардан қашып жүресіз, сіз ең жабық адамсыз», — деп жазды Руслан Султанов Facebook желісіндегі «Астана – Что? Где? Когда?» парақшасында.
Еске салсақ, мұның алдында әлеуметтік желі қолданушылары BI Group компаниясы тұрғызған короновируспен ауыратындарға арналған астаналық госпитальге шағымданған еді.