Home Жаңалықтар АҚШ: сыртқы істер бойынша комитет Навальныйды босатуды талап етті

АҚШ: сыртқы істер бойынша комитет Навальныйды босатуды талап етті

0
108
Фото: Евгений Одиноков / РИА Новости

АҚШ Сенатының Өкілдер палатасындағы сыртқы істер бойынша комитет төрағасы Грегори Микс пен республикашыл-сенатор Майкл Маккол Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.

Екі саясаткер оппозиционер Алексей Навальныйды және акциялар кезінде қамалған мыңдаған адамды тез арада босатуды талап етіп, журналистердің қамалуын сынға алды.

Микс пен Макколдың мәлімдемесінде «Путиннің режимі арсыз коррупциясы үшін жауапкершілікке тартылу керектігі» жазылған.

2 ақпанда Мәскеуде «Ив Роше» деп аталған бұрынғы іс бойынша Алексей Навальныйдың шартты жазасын абақтыда өткізу жазасымен алмастыру мәселесі қаралады. 2014 жылы «Ив Роше» ісі бойынша саясаткерге шартты жаза берілген.