Ақпанда 15 градусқа дейін күн жылынады — қазақстандық синоптиктер

0

2021 жылдың ақпан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК синоптиктері назарға ұсынды

Ақпан айында күндізгі уақыт орташа есеппен 2-3 сағатқа ұзарады. Оңтүстік өңірлерде орташа тәуліктік температура 0° арқылы оң мәндерге ауысады. Еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ қаңтарға қарағанда жиі орын алуы ықтимал. Жауын-шашын мөлшері қаңтардан ақпанға дейін азаяды, тек Қазақстанның таулы аудандарында, керісінше, артуы мүмкін.

Қазақстанның басым бөлігінде Оңтүстік және Батыс циклондардың өтуімен, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Жауын-шашын көбінесе елдің оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде, солтүстік жартысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде болуы ықтимал. Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын мен тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Ақпан айында циклондар мен антициклондардың жиі өзгеруі күтіледі.

Бірінші онкүндіктің ортасына қарай Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: батыста түнде -5+3°С дейін, күндіз -2+10°С дейін; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде 0 -10°С дейін, күндіз -5+3°С дейін; оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -3+5°С дейін, күндіз + 8+15°С дейін күн жылынады деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің соңында антициклонның енуімен ауа температурасы төмендейді: Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде-15-25°С дейін, күндіз-10-16°С дейін; батысында, солтүстік-батысында түнде-10-18°С, күндіз-5-12°С дейін; оңтүстік өңірлерде түнде-7-15°С дейін, күндіз -5+5°С дейін жетеді. Екінші және үшінші онкүндіктерде жылы ауа массаларының шығарылуымен ауа температурасы қайтадан көтеріледі: солтүстік жартысында күндіз 0,-7°С дейін, оңтүстік жартысында +5+10°С дейін, қиыр оңтүстікте +15°С болады деп күтілуде.

Алайда ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі де жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі Таймыр аудандарынан суық ауа массаларының енуімен термометр бағандары түнде -20-30°С дейін, күндіз -10-18°С дейін, елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде-10-18°С дейін, күндіз -7-12°С дейін, еліміздің оңтүстік жартысында түнде -7-12°С дейін, кей жерлерде-15-20°С дейін, күндіз-2-13°С дейін төмендеуі мүмкін.