Тоқаевтың сөзінің қадірі жоқ: Бозжыра шатқалында қонақ үй салынатын болды

0

Маңғыстау облысының әкімдігі Бозжыра шатқалынан төрт шақырым жерде туристік нысан салуды жоспарлап отырғандықтарын растады. Бұл туралы кеше Lada.kz сайты жазды.

Өткен жылы қарашаның басында Маңғыстау облысының әкімдігі Бозжыра шатқалында инвесторлар сафари қонақ үй салуды ұсынғанын хабарлады. Жоба қоғамдық талқылауға ұсынылады деп уәде етілді. Алайда, ешқандай тыңдау өткізілген жоқ. Экологтар мен жергілікті тұрғындар бірегей табиғи ландшафтты сақтап қалудан қорқып, қонақ үй салуға қарсы болды.

Қоғамның жаппай қарсылығы туындағаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бозжыра аумағында салынатын қонақүй құрылысына қатысты  тапсырма берген боалтын.

«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді», — деп жазған болатын Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Мұнда «қайта қарау» деген сөз айтылған. Ал, кешелі-бүгінгі Маңғыстау облысының әкімдігі мен қонақ үй салуға қарсы болған адамдардың пікірін қарап отырсаңыз қоғамдық тыңдау болмағанын, тек кейбір сарапшы экологтардың инвестор ығына жығылып, табиғи қорық аумағына жақын жерден қонақ үй салуға рұқсат берген.

Сонда, Маңғыстау облысындағы шенеуніктер Президент Тоқаевтың тапсырмасын мүлде орындамағаны ма? Мемлекет басшысының сөзінің қадірі жоқ болғаны ма?