Ұлттық рухты көтергені үшін: Аша Матайға медаль тағылды

0

Танымал тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

«Өзімнің инстаДОСтарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді. Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылыпты.

Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін “Матай Бөрібай батыр” қорының ұйымдасыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі, менің алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым. Айтпақшы, медальдың арты біздің бөрі таңбамыз!» — деп жазды актриса.

Тележүргізушінің қуанышты жаңалығы мұнымен бітпейді. Оның әкесі де өз саласының үздігі атанып, төсбелгі алған.

«Сіздермен тағыда бір қуанышымды бөліскім келеді. Менің әкем Асқарбеков Марат Төкенұлы Республикалық адвокаттар алқасының төсбелгісімен, яғни медалімен марапатталды. Куәлігінде «Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда жоғары кәсіби шеберлік танытқаны үшін. Кәсіпқойлығы үшін» деп жазылыпты. Әкемнің еңбегінің бағаланғанына қуана отырып, құтты болсын дегім келеді! Денің сау болып, абыройың арта берсін әкешім!» — деп жазды ол.