«Мен Кремльге емес, қазақ халқына ант бердім»: Қазақстанның орыс патриоты өз эмоциясын тежей алмады (видео)

0
20788

Интернетте Рудныйда тұратын қазақстандық жігіттің үндеуі талқылануда.

Артем (видео авторы өзін осылай таныстырды) бұл видеода Ресей депутаттарының Қазақстанға жер сыйлағаны туралы, біздің елдің Кремльге қосылуы туралы жанжалды мәлімдемелеріне өзінің көзқарасын білдірді.

«Олар Қазақстанда тұратын орыстар Ресейге қосылғысы келеді деп айтады. Сепаратистер дегенім ғой. Менің айтайын дегенім, қазақ жері ешқашан орыстікі болмайды! Қазақ жері бізді асырайды, сіздер қазақ халқының, қазақтардың жемістерін қолданасыздар. Мен Ресейге емес, қазақ халқына ант бердім.

Айтайын дегенім: қазақтар, сендер біздің бауырларысыңдар, бәрі орыстар емес, сендер түсінесіңдер, бұл сөздің қадірін білетін, ант қабылдаған кәдімгі жігіттер бар. Мен Ресейге қосылғым келмейді, бұл маған қажет емес! », – деді Артем.