Қайрат Нұртас: Иә, мен анамның баласымын (видео)
Аргония Қайрат Нұртасқа деген шексіз құрметін жеткізді. Бұған дейін Қайраттың атына балағат сөз айтқан ол әрекетін түсіндіріп, Қайраттан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аргония мен Қайрат Нұртас желіде видео үндеу жолдап, өзара қатынастарын айтты.
Бұған дейін БАҚ бетінде Аргония Қайрат Нұртас жайлы балағат сөз айтты деген ақпарат тарады. Алайда әнші Қайратты жек көргеннен емес, жақсы көргеннен солай айқанын жеткізді. Бұл құрметімнің белгісі еді дейді. Ал Қайрат көпшіліктен өзін жамандамауды сұрайды.
«Сіздер не жазсаңыздар да мен әрі қарай өмір сүре беремін. Маған қанша адам келіп роль ойнап кетіп жатыр. Талай адамды көрдім. Бірақ мен арқылы пиар жасағыларыңыз келсе, мені жамандамаңыздаршы. Адам секілді пиар жасаңыздар. Мені анасының баласы дейді. Иә, мен анамның баласымын.
Сіздер де аналарыңыздан туғансыздар. Сіздер де ананың баласысыздар. Сондықтан бағалаңыздар. Мен анамсыз ешкім емеспін. Анамның баласы болғаныма қуанамын. Ақ-қараны ажыратып, тілдеріңізге сәл байқап сөйлеңіздер. Сенде пенде, менде пенде… Барлығымыз бірдейміз! Менің өміріме келген адамға да, өмірімнен кеткен адамға да Алла разы болсын!» — деді Қайрат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Аргония Қайратпен ара қатынасына дақ түскенін, алайда достығы үзілмегенін айтты.
«Сені жақсы көрем, сен кім жаман айтса да, легендасың. Көпшілік дұрыс түсінбей жатыр. Журналистер бұрмалап жеткізіп, ақырында Қайрат екеуміздің арамызға дақ түсіп қалды. Менің айтпағым Қайрат туралы жаман айту емес еді», — деп ақталды Аргония.