Қызына жаны ашыған әке трансгендерлерге арналған ішкиім тігіп берді

0

Канаданың Торонто қаласының тұрғыны қызына жаны ашып, жасөспірім трансгендерлерге арналған бикини тігіп шығарды.

Джейми Александр 12 жасар қызы Рубидің не әйелдерге, не ерлерге арналған ішкиімдерді таңдай алмай тұрғанын көріп қатты қынжылған. Нәтижесінде ер адам трансгендер балалардың өмірін жеңілдете түсетін Rubies атты ішкиімдер топтамасын жасап шығарған.

Бірінші тігілген Ruby Shaping Bikini Bottom өнімі 44 долларға сатылды. Сайтта өнімнің «барлық қажет жерде ұстап тұратыны» туралы айтылған.

Бұл киім бассейн, жағажай, жаттығу залы және билеуге арналған. Стильді толықтыра отырып жайлылық сыйлайды.

Александер алдымен трансгендер балалары бар 60 отбасының арасында сауалнама жүргізген.

«Ең мықты бизнес — нақты проблемаларды шешетін бизнес. Мен бізде қиындық барын білдім. Бірақ ол басқаларда да бар деп ойламадым», — дейді ол.

Болашақта ер адам бизнесін кеңейтіп, бұдан сапалырақ матадан ішкиім тікпек ниетте.