ҚР ҰҚК батыста ұстау операциясын жүргізді (видео)

0
152

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның батысында есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады, ҰҚК баспасөз қызметі.

«2021 жылы 13 қаңтарда Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-мен өзара жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өсімдік тектес есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар бір топ адамды ұстады», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Атырау мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілер қамауда болады.

«Аталған адамдар деструктивті діни ағым ұстанушылары. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», – деп толықтырды ҰҚК өкілі.