Қайрат Нұртас пен әйелі Instagram-нан қанша ақша табады?
Бүгінгі күнде инстаграм ең танымал әлеуметтік желіге айналды. Бұл желі 2015 жылдан бастап қарқынды дами бастады. Желі бірнеше жыл ішінде ақпарат алмасу алаңы ғана емес, мықты табыс көзіне айналған бірегей алаң болып қалыптасты, деп хабарлайды ORDA. ақпарат агенттігі.
Инстаграмды табыс көзі ретінде қарапайым қызмет берушіден эстрада жұлдызына дейін қолданады. Әлеуметтік желідегі табыс потенциялын елестету мүмкін емес. Мәселен атақты футболшы Криштиану Рональдоның парақшасындағы бір жарнамалық жазбаның өзі 975 мың доллар тұрады.
Қазақстандық шоу бизнес өкілдері де инстаграмды табыс көзі ретінде шебер қолдануда. Ең сұранысқа ие тәсіл – giveaway өткізу.
Giveaway немесе гив – бұл әйгілі блогер, музыкант немесе атақты адам Instagram-да оқырмандары арасында жүлделер ойнататын байқау. Қатысушыларға қойылатын басты шарт: барлық демеушілердің парақшасына жазылу. Демеушілер саны көп жағдайда 30-150 арасында болады.
Ақша қайдан келеді?
Ақшаны жарыс өткізушіге гивқа қатысқысы келетін демеуші береді. Ауқымды гивтерде бір орын 80-200 мың теңге аралығында болады.
Жақында жоспарланған табысты гивтер қатарында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасылық гивін атауға болады. Екеуі өткізген гивте 120 демеуші болды, бір орын 170 мың тенге.
Қорытынды бойынша аталған жұп гивтен бір күнде болжамды шығындарды алып тастағанның өзінде 18 миллион теңге табыс тапқан.
Мұхит Тұрсынәлі