Астанада күмәнді сөмке үшін ХҚКО ғимараты қоршауға алынды — Тосын жай

0

Астана полицейлері Республика даңғылының бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығын қоршауға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғимаратқа кіре алмағандар сыртында жиналып қалды. 

«Қауіпсіздік қызметі иесіз сөмкені тапқан. Күзетші дереу (13:55-те) полицияға хабарласқан. Қауіпсіздік шаралары үшін ғимарат аумағы қоршауға алынып, ХҚКО қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Тексеру барысында қауіпті ештеңе табылмады», — деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Оның айтуынша, полицейлер қоршауды алып тастаған. Әзірше сөмке иесі табылмаған. 

Нақтыланған мәлімет бойынша, ХҚКО штат тәртібінде жұмыс істеп жатыр.